Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Туған күніме үлкен сый болды”. Сот Астанада жаңбырда қайықпен жүзген жігіттерге айыппұл салмайтын болды

Сот отырысы барысында адвокат Сергей Сизинцев Жандос пен Дмитрийге салынған айыппұл негізсіз екенін, олардың әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық жоқ екенін айтып, қаулының күшін жоюды сұрады. Қорғаушының айтқандарымен прокурор да келісті.

“Сол күні қайық біздің көлігімізде болған. Айнала бәрі су болған соң, қайықпен жүзіп көрейік деп шештік. Бұл жай ғана әзіл болатын, ешқандай жаман ойымыз болған жоқ”, — деді Дмитрий Кириллов.

Ал Жандос Сәдібек үшін бүгін тіпті ерекше күн. Оның бүгін туған күні екен.

“Әділдік орнағанына өте қуаныштымын. Туған күніме жаман сый болмаған сияқты. Іс осылай аяқталады деп күткен жоқпын”,- дейді Жандос.

Екі жігіт те бұдан кейін Астана көшелерінде қайықпен жүзбейміз деп отыр.

“Мұндай жағдай қайталанбайтыны анық. Ешкімге қызық емес те шығар. Мүмкін, басқа бір нәрсе ойлап табармыз, бірақ алдымен адвокатпен ақылдасамыз”, — деп күлді Жандос.

Еске сала кетсек, елорда тұрғындары төпелеп жауған жауыннан кейін қайық мініп, Қазнетке танымал болған еді. Астана полициясы екі жігіттің әрекетін ұсақ бұзақылық деп қарастырып, әрқайсысына 12 мың 025 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы қазақстандықтардың наразылығын тудырды, олар Жандос пен Дмитрийді жақтап, қолдау көрсеткен еді.

Алғашында “ескекші” жігіттер айыппұлды төлеуге келіскен, алайда оларға адвокат Сергей Сизинцев хабарласып, олардың әрекетінде заң бұзушылық жоқ екенін айтқан. Осыдан кейін жігіттер де істі соңына дейін жеткізуге бел буған.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз