Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ту-154 апатынан қаза тапқандардың отбасына қанша өтемақы төленетіні белгілі болды

“Алдын ала мәлімет бойынша, барлық 64 адам сақтандырылған. Ертең олардың қайсыларының асырауда болғандары анықталады. Сондай-ақ, қаза тапқандардың отбасылармен кездесулер өтеді”, – деді Әлеуметтік сақтандыру қорының баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, Ресейдің Қорғаныс министрлігінің әуе апатынан қаза тапқандардың туыстарына 5,8 миллион рубль төлейтіні хабарланған болатын. Бұл туралы ақпарат және коммуникация департаментінің өкілдері айтқан еді.

Ал Бүкілресейлік сақтандырушы одағының президенті Игорь Юргенс Ресейдің Қорғаныс министрлігіне тиесілі Ту-154 ұшағының құлауына байланысты қаза тапқан әскерилердің отбасына 7,8 миллион рубльге дейін, ал қалған қаза тапқан адамдардың отбасына 3 миллион рубль төлейтінін мәлімдеген еді.

Еске салайық, РФ Қорғаныс министрлігінің ұшағы жексенбіде, 25 желтоқсанда таңғы уақытта апатқа ұшыраған болатын. Лайнердің бортында 92 адам болған. Олардың ішінде, Александров атындағы ансамбльдің 68 музыканты, БАҚ-тардың 9 өкілі (“Звезда” телеарнасы, НТВ және Первый канал), алып келе жатқан 6 адам және экипаждың 8 мүшесі бар.

РИА Новости мәліметінше, Ту-154 ұшып шыққаннан кейін жеті минут өткенде апатқа ұшыраған. Ұшақ Қара теңіздің Анапа жағалауына жақын маңда құлаған. Лайнердің қирандысы бір жарым шақырымға шашылған, олар 50-100 метр тереңдікте. Осыған байланысты 26 желтоқсан – Ресейде жалпыұлттық қаралы күн болып жарияланды.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз