Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Цифрлық жаз-2018” бағдарламасының мақсаты не?

1708

Керейбаев өз сөзінде бағдарламаның шарттары мен талаптары туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Оның айтуынша, бағдарлама қорытындысы бойынша (жоба жаз бойына созылады, ред.) ІT мамандары арасында Қордың компаниялар тобы үшін жігерлі, шығармашылық тұрғыдан сауатты мамандарды таңдау туралы шешім қабылданады.

«Осы бағдарламаның бірегей ерекшеліктерінің бірі – бүгінгі таңдағы IT-индустриясының барлық негізгі брендтерімен келісіп, олар көптеген IT мамандықтарында оқытуға көмектеседі,

– деді бұл орайда Дәурен Керейбаев.

Жоғарғы оқу орындарын 2016, 2017 және 2018 жылы бітірген студенттер «Цифрлық жаз – 2018» бағдарламасына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ресми www.sk.kz сайтына кіріп, өтінім қалдыра алады.

Ақпараттық технологияларға деген қызығушылық және Қор компанияларында ақпараттық технологияларының дамуына үлес қосу бағдарламаның негізгі талабы болып саналады.

Бағдарламаға өтінім 6 маусымнан 30 маусымға дейін жүзеге асырылады. Тағылымдаманың өзі 1 -шілдеден бастап 31 тамыз аралығында Астана, Алматы, Өскемен, Павлодар және Атырау қалаларында өтеді.

Тағылымдамадан өту үшін студенттер Қордың ресми сайтына кіріп, ақпараттық технологияларға байланысты 10 сұрақтан тұратын тестіден өтуі керек. Барлық талаптарға сай жас мамандар Қор қоржынының компания өкілдерімен сұхбаттасу кезеңінен өтеді. Үздік мамандар тағылымдамадан өту бағдарламасына қатысуға шақырылады.

Жобаның ең басты ерекшелігі тағылымдамаға қатысу үшін кәсіби тәжірибенің болуы міндетті емес. Ақпараттық жүйелер мен инфрақұрылымды әкімшілендіру, жобалық басқару, бағдарламалау, қосымшалар архитектурасы, ақпараттық қауіпсіздік қағидалары саласында негізгі білім қажет. Бұл тағылымдама төленбейді. Қор тұру және көлік шығындарын өтемейді.

Оқыту бағдарламасын Қор әлемдік ІТ көшбасшыларымен бірлесе әзірледі.  Тағылымдамадан өтетін жастар құнды тәжірибе жинап, білім алады.

Бұл өз кезегінде оларға бәсекелестігі жоғары ІТ саласында артықшылыққа ие болып,  SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei компанияларының өнімдерімен жұмысты шыңдай алады.

Бағдарлама қорытындысы бойынша үздік танылған жастар келесі компаниялар тобында жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болмақ: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» АҚ, «КОРЭМ» АҚ,  «Qazaq Air» АҚ, «Энергоинформ» АҚ, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС және «Біріккен химиялық компания» ЖШС.

Айта кетелік

Бұдан бұрын  Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 2018 жылдың маусым-тамыз айларының аралығында 500 мыңға жуық  қазақстандық халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру курсымен оқытылатынын айтқан-тұғын.

Оның атап өткеніндей, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірінде 2018 жылдың 1 маусымынан бастап халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру курстары басталды.

«Ал оқыту бірінші жеке компьютер мен ноутбукты сенімді түрде қолданудың базалық цифрлық дағдылары, екінші «Электрондық үкімет» порталын қолдану, үшінші «Ашық үкіметтің» ашық деректер, ашық нормативтік-құқықтық актілер, ашық диалог және ашық бюджет компоненттерін қолдану, сондай-ақ тауарлар саудасы және оны сату, онлайн қызмет көрсету дағдыларын үйрететін электрондық сауда дағдыларын қамтиды.

Осының нәтижесінде жалпы саны 8 миллион қазақстандықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жоспарланып отыр», – деген еді ведомство басшысы.

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз