Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
9
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

“Трансферт азаяды”. 2018-2020 жылдардың республикалық бюджет жобасы қабылданды

Сондай-ақ министрдің айтуынша, мұнайдың бағасын барреліне 50 доллардан 45 долларға дейін түзетудің нәтижесінде экспорттық кеден бажынан түсетін түсімдер көлемі азайды. Шығыстарды оңтайландыру жүргізілді. Бұл ретте, бюджет жобасы Үкіметтің алдына қойылған барлық міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз етеді. Шығыстардың әлеуметтік бағытын нығайту арқылы адами капиталды дамыту жалғасатын болады.

Бұл ретте, бұрын алынған міндеттемелердің барлығы орындалады. Экономикалық өсу технологиялық жаңғыру және экономиканы цифрландыру, аграрлық секторды, көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамыту арқылы қамтамасыз етілетін болады. Сол сияқты бюджет жобасы мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де бағытталды.

«Бүгін заң жобасы Премьер-Министр Кеңсесімен бірлесіп Парламент Мәжілісінің қарауына енгізуге дайындалатын болады», – деді Сұлтанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз