Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Трамптың күйеу баласының жағдайы қиын

Мұндағы тағы бір мәселе, Кушнер қауіпсіздікті тексеру нысанын тапсырған кезде шетелдік тұлғалармен жасырын кездесу ісін бастапқыда мойындамаған. Ал кейінгі тергеулерде бұл кездесулер туралы растап берген. Осының өзі Ақ үйдің жоғары кеңесшісі Кушнер мен оның қайын атасы болған президенттің сенімділігіне нұқсан келтіріп тұр.

Федералдық барлау басқармасы Кушнердің сары ізіне шөп салған тұста, Трамп өзі араласа отырып, екінші реткі тергеу кезінде Кушнердің айыбын жеңілдеткен болатын. Бірақ, президенттің де қауқары толық жете бермейтін Конгресс пен Федералдық сот және екі бірдей барлау басқармасы Кушнерге шүйлігер болса, құқықтың мәселелер негізінде Трамптың өзіне де қатер төндіреді. Сондықтан, Трамптың жеке құқық қорғаушылары президенттің күйеу баласын отставкаға кетуін талап етті.

Дереккөз: qazaqtimes.com

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз