Ресей «Спутниктік» сайтының айтуынша, АҚШ-тың ядролық суасты операциялары аса құпия болып табылады. Айталық, кеме капитаны мен экипаж мүшелерін, сондай-ақ, кеменің орынын білу өте қиын. Америка Теңіз әскери флотында да, тіпті, Пентагон мен Ақүй ішінде кеме туралы ақпарат құпия сақталады. Трамптың сөз етіп отырғаны ядролық қозғалтқышты әлде ядролық қарумен жабдықталған су асты кемесі болса да, бұл бір аса маңызды әскери құпиялықтың сыртқа шашылғаны болып табылады.
Трамп жақында ғана Ресейге құпиялықтарды ашып қойды деген айыптарға ілігіп қалып еді. Бұл Ресей сыртқы істер министрі АҚШ президенттінің қызмет кеңсесінде болған кезде шыққан әңгіме болатын. АҚШ «Уашингтон пост» басылымы бастап президентін құпиялықты шашты деп айыптады.
Айталық, АҚШ-тың «Ислам мемлекеті» ұйымына қарсы күресіп жүрген ақпаршы агенттерінің басына қауіп төнгелі тұр деген еді.
Дереккөз: qazaqtimes.com