АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай үкіметінен Солтүстік Кореяға мұнай жеткізуді доғаруын талап етті.
Өйткені бұл БҰҰ-ның ресми Пхеньянға салған санкциясына қайшы деп хабарлады шетелдік басылымдарға сілтеме жасап, “Хабар-24“.
Айта кетейік, БҰҰ Қауіпсіздік қызметі Пхеньянға қарсы санкцияны күшейтуді мақұлдады. Құжатта Солтүстік Кореяға келетін қара алтынды 90 пайызға қысқарту қаралған. Бұл – Пхеньянның баллистикалық зымырандарды сынауын тоқтатпауына қарсы жасалған қадам.
Хуа Чунюнг, Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің өкілі:
– Таралып жатқан ақпаратты растайтын бірде бір айғақ жоқ. Қытай БҰҰ-да қабылданған тұжырымдамаларды үнемі қолдайды. Солтүстік Кореяға қатысты да алған беттен айныған емеспіз. Халықаралық міндетімізді бұлжытпай орындап келеміз.