Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-7
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

“Төсіңді аш деді…”. Кәрімжан есімді транс түрмедегі қорлығын айтып салды (видео)

342

Картинки по запросу Каримжан Беркходжаева

“Виктория Берікходжаева колония қызметкерлері, әкімшілігі және сотталғандар тарапынан да күнде қорлық көреді.

https://kaz.365info.kz/bayan-ba-khoyan-ba-baribir-tysipbaeva-bayan-alagozovamen-arasyndagy-dau-orshi-tysti-301805

Әкімшілік жанжалға жол беріп қана қоймай, өздерінің еркін орындайтын сотталушыларды ынталандырып тұрады.

Мұндайларды жазаламайды, оларға өзгелерді “тәрбиелеуге” рұқсат етілген, пышақ ала жүгіруге, қорлауға және тағы басқасын.

Виктория Берікходжаева бір кездері жынысын ауыстырып, әйел болған еді. Осыған байланысты оны жыныссыз деп мазақ етеді”, – деп жазыпты Айман Омарова Facebook желісіндегі парақшасына. 

Сонымен қатар, ол Виктория Берікходжаеваның колония қызметкерлерінің бірінің погонын жұлып алғанын да жазды.

https://kaz.365info.kz/almatyda-transgender-erkekti-k-ru-shin-zekter-kezekke-t-ryp-zhatyr-video-238923

  “Виктория өзін бірнеше рет “еркек”, “жыныссыз” және тағы басқаша мазақ еткен Б. есімді колония қызметкерінің погонын жұлды. Ол қызметкер погонын жұлып, бас киімін лақтырғанға миы шайқалып кетті деп ойлайды. Ал Викторияның барлық шағым хаттары жолдаған жеріне жетпеген, арнайы бөлім оларды өткізбеген”, – деп жазыпты Омарова. 

Өз кезегінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына Берікходжаеваны “қорлық көрмеген” деп жауап берді. Ведомство мәліметінше, әйел Алматы облысындағы қауіпсіздігі орташа ҚАЖД-да жазасын өтеп жатыр. 

“Адвокаттың мәліметі бойынша, Берікходжаеваны колония қызметкерлерінің қорлауы туралы ақпарат расталмады. Оны қызметкерлер тарапынан құқыққа қайшы әрекеттері туралы шағымы қаралып жатыр”, – дейді ІІМ ҚАЖД өкілдері. 

Бұдан бұрын tengrinews.kz-ке сұхбат берген Викторияның өзі бұдан өткен сұмдықтардың басын ашқан.

“Түрме қызметкерлері мені мазақ қылады. Әйелдерге қол жүгіртіп жүрме деп мысқылдайды. Маған әйелдер қызық емес. Сол себепті де жынысымды ауыстырдым. Бала жасымнан еркекке құмар болдым. 

Бірақ, мұны ұғатын олар бар ма? Түрмеге түсе сала маған көрмегенді көрсетті. Алдымен “төсіңді көрсетші” деді, кейін өздеріне “қызмет көрсетуді” сұрады, тіпті бұдан да сорақы әрекеттерге барды. Бұл туралы жоғары жаққа арыз жаздым. 

Абақтыда жанымда жататын әйел де күнде күлкі қылатын. “Еркек”, “Құбыжық” деп келемеждейтін. Әбден ызама тиді. Бетіне ыстық шәйді шашып жібердім. Осы үшін мені карцерге қамап тастады”, – дейді Кәрімжанның өзі. 

https://kaz.365info.kz/astanalykh-trans-zhezokshe-sagaty-80-myn-tyrady-foto-video-18-314048

Сонымен қатар, ведомство өкілдері сотталушы мен колония қызметкерінің жанжалы туралы да пікір білдірді.

  “ҚАЖ қызметкері мен сотталушы арасындағы жанжал әкімшілік талаптарын орындамаудан басталған, салдарынан сотталушы қызметкердің погонын жұлып алған. Бұл дерек бойынша бастапқы материал жинақталып, процессуалды шешім шығару үшін Алматы облысы Іле ауданының ІІД-не жолданды”, – дейді ведомство өкілдері. 

Сонымен бірге, ҚАЖК өкілдері Берікходжаеваның бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылғанын айта кетті.

Мұның алдында ҚАЖК өкілдері сотталушының тәртібіне теріс баға берген болатын.

Виктория Берікходжаева (бұрын Кәрімжан Берікходжаев – автор ескертпесі) аса ірі көлемде бопсалау үшін айыпталған. 2017 жылдың наурызында ол ҚР ҚК-нің 194-бабының 4-тарауы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, жеті жылға сотталған еді.

https://kaz.365info.kz/kyjeuim-gejdin-yrgashysy-bolyp-shykhty-250142

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз