Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Төсекте әйелімді тойдыра алмаймын. Не істейін енді? — бір жігіттің жан сыры

629

Уақыт өтіп жатты. Жасым отыз беске келгенде дос-жаран, туған-туыс жиналып, үйінде отырып қалған бір қызға зорлағандай қылып үйлендірді. Бойы құрықтай селтиген біреу. Дәм-тұзымыз жараспады. Жиі жүз шайысып қала бердік.

Ол мені «мәстек» деп кекетеді. Мен оны «шланг» деп боқтаймын. Бұдан кейін қандай өмір болсын?

Ажырасып кеттік. Құдайға шүкір, қазір жақсы жұмысым бар. Жеке үйім, көлігім бар. Сол үйге бір келіншек қана жетіспей тұр. Рас, табиғи қажеттілік болған соң, ара-тұра ақшаға жезөкшелер шақырып, «демалып» тұрамын. Онсыз болмайды ғой. Қашанғы жастық құшақтап ұйықтаймын.

Осыдан біраз бұрын бір келіншекпен таныстым. Мінезі ашық. Сөйлесіп кеттік. Ажырасқан. Бір қыз, екі ұлы бар екен. Мен де өз тағдырымды айттым. Ол өзінікін дегендей. Бір-бірімізді жұбатқандай болдық. Ақыры сол келіншекпен жақсы болып кеттім. Үйленгім келді. Ол да қарсы емес. Бірақ артындағы үш баласы бөгет болды.
https://kaz.365info.kz/bizdiki-1-minut-21-zhastagy-myna-khyz-kyjeuine-khanagattanbajdy-eken-308391
Біреудің баласы мені «әке» деп айта қоя ма, кім білсін? Балаларымен пәтер жалдап тұратын бұл келіншек мені алдап, үйіме кіріп алып ретін тауып өлтіріп тастап, не болмаса үйден қуып жібере ме деген күдік те көңілімде жоқ емес. Дегенмен, ол келіншек менен бақандай он бес жас кіші, әрі бойы сәл ұзын болса да мені қор санап, мінеп жүрген жоқ.

Төсекте де болып жүрміз. Жаман емес. Ұнайды. Бірде төсекте жатқанда «шыныңды айтшы, мен сені төсекте қанағаттандыра аламын ба?» деп сұрадым. Өйткені бұл маған өте маңызды еді. Әлгі «шланг» деп төбелесетін алғашқы әйелім «сенің бойың қалай кішкентай, «ана жерің де» сондай кішкентай. Кіріп-шыққанын сезбеймін. Түк қанағаттанбаймын. Сенен гөрі өзге еркекпен жатқан жақсы» деп жыныма тиетін. Сол есіме түсіп сұрап жатқаным ғой.

«Шынымды айтсам, не дерімді білмей жатырмын», деді Жадыра (келіншектің аты).

«Рас, бұрынғы күйеуім ірі еді. Ұлы мүшесі де сондай болатын. Соған қатты үйреніп қалыппын. Қатты ләззат алатынмын. Тек көп ішіп кетті. Содан ажырастық. Ал сіздікі ондай емес. Кішкентай. Содан болар, дұрыс қанағаттана алмаймын»,

деп шындықты айтты.

Не дерімді білмей қалдым. Тағы да бойымның кішкентай болғанынан өкіндім. Жылағым келді. Бойыма сай, өзге мүшелерім де кішкентай еді. Не істерімді білмедім.

Содан кейін Жадырамен араласуды сирете бастадым. Өйткені оны жақсы көріп үйленгеніммен, төсекте қанағаттандыра алмасам, ол ертең өзге еркекпен жатып, көзіме шөп салуы әбден мүмкін ғой.
https://kaz.365info.kz/yjkelis-zhokh-ajelime-khanagattanbajmyn-khazakh-zhigiti-shyndygyn-ajtty-267953

Не істесем болады? Кейде әлеуметтік желілерде еркектің «әпшуін» ұзартатын дәрілер бар деп жатады. Рас па екен?

Бірақ жасым қырық бестен асып кетті. Енді ұзара қоймайтын шығар. Білмеймін. Қатты қиналып жүрмін.

Біреулер «бойың қысқа болғанмен ойың биік болсын» деп жатады. Бос сөз. Тапал болсаң, бәрінен құр қалады екенсің. Соны түсіндім.

Бұл – Қасым деген жігіттің әңгімесі еді.

Төреғали Жомарт, көрнекі фото: vk.com
https://kaz.365info.kz/kyjeuimdiki-tym-kishkentaj-myndaj-da-bolady-eken-264222

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз