Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-5
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Төрт баласын далаға тастаған әйел ата- ана құқығынан айырылды

113

«Бір жарым жастағы баланың салмағы 10 килограмм болуы тиіс. Ал, Анжелика бізге түскен кезде, бар жоғы 5 килограмм 900 грамм болатын. Қазір салмағы 7 килограммға дейін жоғарылады. Денсаулығында еш кінәрат жоқ.

Жасына сай дамып келеді»,-дейді  Ақмола облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Виктория Пичкунов.

Мамандардың айтуларынша, балалардың анасы ішімдікке әуес. Балалардың материалдық жағдайына да, оқу үлгерімдеріне де қызығушылық танытпаған көрінеді. Одан қалды, бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Осыларды ескере келе сот әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы шешім қабылдады.

«Соттың шешімінен кейін төрт баланың үшеуі балалар үйіне орналастырылды»,-дейді Көкшетау қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Жанна Хабибулина.

Ал кішкентай Анжелина болса, келесі апта сәбилер үйіне жіберіледі. Ал, балаларының болашағына мүлдем алаңдамайтын ана оларды іздемеген екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз