Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

Төреғали Төреәлінің отбасында үлкен қуаныш

1141

Бүгін түсте Төреғали Төреәлінің үйінде ұл бала дүниеге келді. Алматының перзентханаларының бірінде әншінің жары Толқын Мырзакимова әртістің арманын орындады. Ол әлі сәбиді көрген жоқ, себебі Ақтөбеде гастрольде жүр. Бұл қуанышты жаңалықты естіген соң Алматыға алып ұшып келетініне сөз жоқ.

Бақыттан басы айналған әке көпшіліктен сүйінші сұрап, қуанышын өлеңмен жеткізді:

Ұл әкеп дүниеге жан жарымыз,
Жарқырап кеткендей ме жан-жағымыз?!
Бұрын үйде орамал, көйлек көп ед,
Көбейетін болды ғой шалбарымыз.
Үш қыздан соң Құдайым ұл беріпті,
Қалсын деп артымыздан жалғанып із.
Сансыз шүкір, мақтау мен мадақ болсын,
Қалайша ұмытайық Алланы біз!
Барған жерде ұлды бол деп жатушы ед,
Ақ бата беріп кемпір, шалдарымыз.
Сол елдің ақ тілегі қабыл болып,
Мінекей орындалды арманымыз.
Халайық баршаңызға раxмет,
Недеген жайдары еді жандарыңыз.
Алақайлап сүйінші сұрап тұрмын
Бұл себебі сіздердің балдарыңыз!

P.S Атқа мінер туғанын көрсетіп тұр
Атқа мінген суретті салғанымыз!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз