«Ұлы дала комедиясында» басты рөлді сомдаған жас актриса Мадина Оспанова дауға ілігіп үлгерді. Жанкүйерлер оны үйленген әншімен қарым-қатынаста деп күдіктенуде.
«Екеумізге байланыссыз әрине
Дүниенің желі бұлты жаңбыры
Екеумізге байланысты бірақ та
Біздер құрған шаңырақтың тағдыры», — деп жазады Мадина.
Атышулы орындаушының жанкүйерлері алаңдаушылық білдіріп, актрисаға біреудің отбасын бұзбауды сұрап жатыр.
«Біреудің отбасын бұзба», «Төреғали Төреәлі шығар», «Төреғалидан басқа біреуді таба алмадың ба», «Ол үйленген», «Сен ақылды қызсың ғой! Төреғалиға тоқал болудан бас тартасың деп үміттенемін» – деп жазуда оқырмандар.
Естеріңізге сала кетейік, әншінің отбасы бар және үш қыз тәрбиелеп отыр. Алайда, әнші тоқалы бары жайлы қауесеттерге өзі жиі түрткі болады.