Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Төмен жалақы мамандардың елден кетуіне әкеледі – сарапшылар

Қазақстанда жалдамалы жұмысшыларға еңбекақы төлеуде үлкен теңсіздік байқалады. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының (ЕРДО) деректері бойынша, ЕТЖ-ның орташа айлық табысқа арақатынасы 20%-ды құрайды. Ал Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынымдары бойынша кемінде 50% болуы тиіс.

Сонымен қатар, 2020 жылы орташа жалақы 142,3 мың теңгені құрады, бұл ресми орташа деңгейден 33%-ға төмен. Мұндай алшақтық неғұрлым жоғары болса, жалақы теңсіздігі соғұрлым күшті болады. Сонымен қатар, елде табысы төмен адамдардың үлесі өсуде.

Табыстардың жіктелуі

Тағы бір қиындық қазақстандық еңбек нарығының білімді мамандарды бағаламауына байланысты. Нәтижесінде

кейбір біліктілігі төмен қызметкерлер неғұрлым күрделі жұмыс істейтін жоғары білімді мамандардан көбірек табыс табады

Мысалы, Қазақстанда даяшы (251 мың) тәрбиеші (104 мың), мектеп мұғалімі (196 мың) және дәрігерге (218 мың) қарағанда көбірек алады. Үй қызметшісі 163 мың, ал медбике 139 мың теңге табыс табады. Осылайша, кірістердің жіктелуі байқалады.

Салыстырайық, дәрігер мен көлік жүргізушісінің табыстарындағы айырмашылық Германияда 172%, Бразилияда – 174%, АҚШ -та –  261%-ды құрайды. Ал Қазақстанда бар жоғы 31% ғана.

Ең төменгі жалақы әділетсіз

Профессор, Қазақ еңбек ғылымизерттеу институтының директоры Серікжан Берешевтің айтуынша, бүгінде мәселе ең төменгі жалақының қалай белгіленуінде.

– Ол ерікті түрде, президенттің жарлығымен құрылады. Үш жыл бұрын ол ең төменгі жалақыны 50%-ға, яғни 42 500 теңгеге дейін көтерді.

Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдан бастап 30%-ға – 60 мың теңгеге дейін өсірді. Бұл ешқандай объективті критерийлерден алшақ және ешқандай экономикалық мағынасы жоқ, ешқандай дәлелсіз жасалды

– дейді Берешев сенімді түрде.

Және ол ең төменгі жалақының орташа айлық табысқа қатынасы 50% болуы тиіс тәсіл толықтай негізделген деп есептейді. ХЕҰ мен БҰҰ тіпті ең төменгі жалақы орташа жалақының 68 пайызынан кем болмауы тиіс деп мәлімдейді.

Қалай болуы тиіс?

– Тіпті дамыған елдерде де мұны біреу сақтайды, біреу сақтамайды. Бірақ бұл көрсеткіш, барлығында кем дегенде 50% шамасында. Бастысы осы. Қазақстанда жалақы жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері – кәсіподақтар арасындағы шарттық санат болып табылады деген мәселені көтеру қажет.

 ХЕҰ ең төменгі жалақыны алдымен жұмыс беруші мен кәсіподақтар арасындағы кеңесулер негізінде анықтауды ұсынады. Әрине, мемлекеттің қатысуымен

Бізде бұл әлі жоқ – ХЕҰ конвенциясы сақталмайды. Егер ең төменгі жалақыны белгілеу туралы айтатын болсақ, оның деңгейін жыл сайын арттыра отырып, орташа жалақының 30-35%-ынан бастау қажет екені анық.

Серікжан Берешев

Бұл тәсіл кәсіподақтарға ең төменгі жалақының объективті мөлшерін белгілеу туралы Бас келісім аясында келіссөздерді бастауға негіз бола алады.

Бүгінгі таңда ең төменгі жалақы 60 мың теңге – бұл орташа жалақының 30%-ынан едәуір аз

Президент адамдардың нашар өмір сүріп жатқанын көріп, осы деңгейге көтеру жеткілікті деп шешті. Мүмкін оған Үкімет кеңес берген шығар. Бірақ бір нәрсе анық: әлеуметтік серіктестер арасында келісім жоқ”, — дейді профессор.

Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көтере ме?

Көптеген салаларда біліктілігі төмен жұмысшыларға сұраныс ұсынысқа қарағанда жоғары. Осы арқылы Берешев даяшылардың тәрбиешілерден көбірек табатындығын түсіндіреді. Мұнда оны нарық белгілейді.

– Әрине, білікті мамандардың еңбегі жоғары бағалануы тиіс, бірақ бізде олай емес

Дәрігерлер, мұғалімдер, тәрбиешілер негізінен мемлекеттік қызметкерлер. Бұл мамандардың еңбекақысын көтеруді Үкімет өз мойнына алуы тиіс. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономика саласындағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары болады деген мәлімдемеге қарамастан, менің осыған күмәнім бар.

Базалық лауазымдық жалақыны көтеруі әбден мүмкін, бірақ жалақының өзін емес

Бізде қандай да бір себептермен бәрі араласып кетті: бюджеттік емес ұйымдар үшін ең төменгі жалақы және бюджеттегілер үшін негізгі лауазымдық жалақы белгіленді. Және ол ең төменгі жалақы мөлшерінен айтарлықтай төмен – 17 697 теңге. Неліктен олай істегенін әлі күнге дейін түсінбеймін, – дейді профессор.

Жақсы өмір сүру үшін кетіп жатыр

Қазақстанда көптеген мамандықтардың еңбекақысының  төмен болуы бүгінде тұрғылықты елді ауыстыруға триггер болып табылады.

Әсіресе, техникалық мамандықтардың өкілдері, экономистер, мұғалімдер белсенді түрде көшіп кетуде. Ал болашақта бұл отандық экономикаға кері әсерін тигізеді.

«Қазақстан Республикасы халқының көші-қоны» статистикалық жинағының 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанындағы мәліметтеріне сәйкес, елден кеткен азаматтардың шамамен 86%-ы қоныстану үшін Ресейді таңдаған. Көші-қон сарапшысы Елена Садовскаяның айтуынша, мұнда жалақы жоғары, жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары және білім жақсы.

Елена Садовская

– Жалақы төлеу бойынша Қазақстан неғұрлым дамыған елдерден айтарлықтай төмен.

Ресейде жоғары табыстан басқа, жалақының да айырмашылығы бар. Бәрі қызметкердің біліктілігіне байланысты. Менің ойымша, осыған байланысты кадрлар алдағы уақытта да кетуді жалғастырады.

Тағы бір мәселе – түлектердің білім деңгейінің төмендігі. Алынған білім мен дағды еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келе бермейді. Гуманитарлық ғылымдар бойынша жас мамандар өте көп. Ал елге инженерлер мен техникалық мамандықтар қажет. Бұған орта кәсіптік білім беру жүйесінің бұзылуы қосылды. Мұның бәрі қазіргі кездегі Қазақстандағы жалпы көріністі береді, – деп аяқтады сөзін Садовская.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз