Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
7
USD
483
-0.37
EUR
534
-1.57
RUB
5.08
-0.04

Тоқал және этносаралық некелерге қоғамның көзқарасы қандай?

665
Қазақстанның батысы мен оңтүстігі отбасылық құндылықтар мен дәстүрдің сақталуына қатаң қарайды. Олар этнос аралық некелерге теріс қарағанымен, ерте жастан некеге тұруды қолдайды. Отбасы құрудың себептері географиялық аймақ бойынша ерекшеленеді. Бірақ азаматтық некеге қатысты көзқарас жас ерекшелігіне қарай әртүрлі болып келеді. Бұл туралы «Қазақстандық отбасылар  — 2019» баяндамасында айтылады.

Дәстүрге қарсы пікірлердің пайда болуы

Индустриалдық дамыған әлемде «екінші демографиялық дағдарыс» аяқталып жатыр. Оған даму қарқыны жоғары елдер де қосылып жатыр. Олардың ішінде Қазақстан да бар.

Бірінші демографиялық дағдарыс ХХ ғасырдың екінші жартысында  болды. Ол уақытта

туу көрсеткіші бірден төмендегенімен, өмір сүру ұзақтығы өсті

Екінші демографиялық дағдарыстың себебінен де туу көрсеткіші төмендеді. Сондай-ақ отбасы құрудың жаңа түрлері де пайда болып жатыр. Еркіндік пен өзін-өзі дамыту  бірінші орынға шығуда.

Сондай-ақ әлеуметтанушылар сексуалды қатынастардың салдарына да жауапкершілікпен қарайтынын айтты.

Сонымен қатар ұрпақ әкелудің уақытын жоспарлау тиімділігі туралы сөз болды

Екінші демографиялық дағдарыстың кері әсері төмендегідей болды:

  • отбасылық құрылымның негізгі түрі ретінде некенің маңызының әлсіреуі (ажырасу деңгейінің жоғарылығы мен некесіз бірге тұрудың көбеюі)
  • «дәстүрлі отбасы» ұғымынан алшақтап, отбасының түрлі формаларының пайда болуы
  • некеге тұру, бала туу жасының жоғарылауы. Бұрын орта жас 20-24 жас болса, қазір 25-29 жас аралығына өтті. Кейбір елде 30–34 жас та орта жас деп есептеледі.

Сандық және сапалық сипаттамалар бойынша әртүрлі отбасы бар. Көбінесе өмір сұрап жатқан жері әсер етеді.

Отбасылардың  80%-ға жуығы 2-4 адамнан тұрады, олардың басым көпшілігі қала тұрғындары.

2018 жылы 137 797 неке тіркелді. Оның 95 964-і қалалық, 41 833-і ауылдық жерде.

2018 жылы ажырасқан отбасылардың саны 54797 жетті. Қалада — 41 122, ауылда — 13 675. Ажырасулардың жалпы коэффициенті — 3.0.

Қаладағы ажырасу мен некеге тұрудың айырмашылығы 42,9%, ауылда — 32,7%-ды құрады

Отбасылық статистикаға ішкі миграция да ықпал етеді.

Батыс пен оңтүстік бұл мәселеге қатаң қарайды

Баяндама авторлары 2019 жылдың шілдесі мен қарашасы аралығында  барлық аймақтар мен республикалық маңызы бар қалаларда жүргізілген әлеуметтік зерттеудің нәтижесіне сілтеме жасайды.

Респонденттердің басым көпшілігі (65,7%) сауалнама жүргізген уақытта заңды некеде болған.

  • 5,5% — тіркеусіз, «азаматтық некеде» тұрады
  • 2,6% — тіркелмеген діни некеде тұрады
  • 1,4% —екінші әйелі (тоқал) бар
  • 0,9% — арасында кездесіп тұрады
  • 12,6% — ажырасқан
  • 4,8% — бойдақ
  • 3,7% — жесір
  • 2,1% — ажыраспаған да, бірге де тұрмайды

—  Тіркелмеген діни неке, екінші әйелі «тоқалының» болуы, арасында кездесіп тұратын некелер  Қазақстан үшін жаңа феномен, — деп атап өтті әлеуметтанушылар.

(Арасында кездесіп тұратын некеде адамдар заң жүзінде некелерін қиғанымен, ерлі-зайыптылар бөлек тұрады — ескерту).

Респондентердің 72,9%-ы міндетті түрде заңды некеге тұру керек деп есептейді. 13,2%-ы — міндетті емес десе,  13,7%-ы — маңызды емес дейді.

Респонденттер заңды емес некеге бейтарап көзқарасты (40,1%)  ұстанады. Әрбір үшінші респондент (34,9%) теріс пікір білдірсе, тек әрбір алтыншы адам ғана (15,2%) некенің осындай түрін қолдайды. Сауалнамаға қатысушылардың 41,3%-ы некеге дейін бірге тұруға қарсы. 31,4%-ы қолдады, 27,2% -ы бұл сұраққа жауап бере алмады.

Кейбір әйелдердің саналы түрде «өздері үшін» бала тууын  респонденттердің  20,3%-ы қолдады. 35,2%  — бейтарап көзқарасты ұстанса, 11,6%-ы — жауап бере алмайтындықтарын айтты. Соның ішінде

орталық, солтүстік және шығыс аймақтардың өкілдері бұл мәселені көбірек қолдаса, батыс және оңтүстік аймақтар теріс пікір білдірді.

Этносаралық некелер туралы да түрлі пікірлер айтылды. Оңтүстік пен батыс халқы қолдамайтындығын білдірсе, орталық, шығыс және солтүстік аймақтардың халқы түсінікпен қарайтынын айтқан.

— Қазақстанның оңтүстігі мен батыс аймақтары отбасына ұрпақ жалғастыру жолы ретінде қарайтын болса, орталық, шығыс және солтүстік халқы отбасына көбінесе  өмірдің мәні, жалғыздықтан құтылу амалы деп қабылдайды, — дейді әлеуметтанушылар.

Үйлену мен ажырасудың себебі не?

Оңтүстік және батыс аймақтарының респонденттері әйелдердің ерте тұрмысқа шығатынын көрсетті. Басқа облыстардың тұрғындары алдымен оқу оқып, мамандық иесі атанған дұрыс деп есептейді.

22–25 жаста (38,9%) тұрмысқа көбірек шығады, ары қарай 18–21 жас (30,0%) және 26–29 жас аралығы (16,3%).

Неке құру жасы

— Маңғыстау облысында отбасын ерте құрады (сұралғандардың 9,5%-ы 16–17 жаста). 35 жастан кейін үйленген респонденттердің басым көпшілігі Алматыда тұрады, — деп мәлімдейді зерттеу авторлары.

Автордың айтуынша, ажырасудың себептері көбейген.  Мәселен

материалдық себептерден психологиялық себептерге ауысқан

(туыстардың араласуы, ерлі-зайыптылардың біреуінің опасыздық жасауы, құндылықтарды қабылдамау (эгоизм, жалғыздықты қалау), адамгершіліктен тыс қылықтар, отбасылық зорлық-зомбылық, жауыздық.

Сондай-ақ жаңа тренд пайда болды: Әлеуметтік желілер мен Интернеттің отбасылық қарым-қатынастың шиеленісуіне әсер етуі (27,8%).

Көбінесе балалардың санын алдын-ала жоспарламайды

Демографиялық статистикада балалары жоқ, бала саны аз (2 бала), бала саны орташа (3 бала), көп балалы (4 баладан көп) отбасылар бар.

сұралғандардың 92%-ы отбасында бала болуы керек деп есептейді,

3,5%-ы баланың болуы міндетті емес десе, тек 4,4%-ы ғана бала керегі жоқ деген пікірді ұстанады.

Респонденттердің 83,6%-ының балалары бар,  1,9%-ы — бала күтіп жүр.

Олардың 52,9%-ы балалы болуға алдын-ала дайындалса,  47,1%-ы дайындық жасамаған.

Бір балалы отбасылар көбінесе Нұр-Сұлтанда, ШҚО және Қостанай облыстарында кездеседі.

Түркістан, Атырау және Маңғыстау облыстарындағы тұрғындардың басым көпшілігінің 4 баласы бар.

Отбасындағы бала саны

Бала саны орташа отбасылардың көп екені анықталды. 2 баласы бар отбасылар —32,3%, бір балалы — 25,6%. Сұралғандардың 22,5%-ының отбасында үш бала бар. Бұл бала жоспарлап жүрген отбасыларға да қатысты.

Дегенмен ерлі-зайыптылардың басым көпшілігі (39,4%) мүлдем алдына ала бала туралы жоспарламайды

— Қазақстандықтардың пікірінше отбасында ары кетсе үш бала болу керек. 39,4%-ы құдайдың бергені болады дейді.

22,7%-ы үш бала жеткілікті десе, 16,3% – төрт бала, 16,2%-ы — екі бала, 4,8% —  бір бала жетеді дейді.  Сұралғандардың 7,5% отбасы дегеніміз бала туу емес деген пікірді ұсынады.

Балаларды өсірудің қиындығы

Бала туғаннан кейін пайда болатын қиындықтар басқа бір әңгіме. Барлық аймақтарда ұқсас болғанмен, сандық сипатта айырмашылықтары бар.

Тұрғын үйге қатысты проблемалар көбінесе  Нұр-Сұлтан (38,5%), Қостанай (37,9%) және Жамбыл (33,3%) облыстарында кездеседі.

Қостанай (59,5%) мен Ақмола (46,9%) облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында (51,6%) сұралғандар қаржы мәселесін алға тартты.

Түркістан облысы (41,8%), Шымкент (36,4%) және Жамбыл облысының (35,2%) тұрғындары денсаулығына шағымданды,  — деген қорытынды шығарды әлеуметтанушылар.

Сұралғандардың 34,3%-ында баланың дүниеге келуіне байланысты қиындық туындамаған

Балалар өскен сайын жаңа қиындықтар пайда болады. Бұл мектепке дейінгі және білім беру мекемелеріне орналастырудан бастап, психологиялық қиындықтарға байланысты мәселелермен аяқталады.

Аға буын өкілдері дәстүрлі құндылықтарды берік ұстанады

Әлеуметтанушылар қазақстандық отбасы мен демография туралы бірнеше қорытынды шығарды:

1. Респонденттердің басым көпшілігінің отбасында 2-3 бала бар. Сұралғандардың шағын бөлігі балалы болуға талпынбайды және оны отбасының негізгі міндетті деп қабылдамайды.

2. Ажырасулардың көбеюіне  заманауи әйелдердің некедегі теңсіздікке, зорлық-зомбылыққа, жұбайының жауапкершілігінің болмауына төзе алмауы көбірек ықпал етеді. Олар күйеулерімен бірдей табыс табады. Әйелдер мәселені ушықтырмай, ажырасу туралы шешім қабылдайды.

3. Тіркелмеген некеге бейтарап көзқарасты ұстанады. Бірақ бұндай одақтар ыдырайтын болса, балалардың мүліктік құқығына нұқсан келеді.

4. Әйелдердің некесіз бала тууына қатысты екі жақты пікір қалыптасты. Қолдаушылар тұрмысқа шыға алмау, жасының келуі, қартайғанда күтім жасайтын адам керек деген пікірлерді алға тартты. Қарсы шыққандар дәстүрлі отбасылық қатынастағы әйелдердің дәрежесі туралы айтты.

5. Неке шартының маңызы төмен, қазірге дейін оған  ажырасқан жағдайда мүліктік құқықтың теңдегіне кепілдік беретін құжат ретінде қарамайды. Мұның басты себебі жекеменшік мүліктің болмауы.

6. Азаматтық некеге қатысты  көбінесе теріс пікір білдірген, бұл қыздың тазалығына қатысты дәстүрлі құндылықтарға байланысты.

7. Орта және аға буын өкілдері  жастарға батыс құндылықтарының әсерін қолдамайды. Нақтырақ айтқанда, некенің дәстүрден тыс түрлерін, әдемі және жеңіл өмір сүруге ұмтылуына қарсы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз