Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Асламбек Мерғалиев сот төрелігіндегі өзекті мәселелер мен сот жүйесін одан әрі жаңғырту шаралары туралы мәлімет берді.
Сот жүйесін цифрландыру және дау тудырмайтын әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша автоматтандыру жұмыстары жүзеге асырылып жатқаны жөнінде баяндады.
Азаматтық және әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану көрсеткіші өсіп келе жатқанын айтты.