19 наурызда Қазақстан президентінің міндетін атқарушы болып Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалды. ҚР Конституциясына сәйкес, Сенат төрағасы елдегі президенттен кейінгі екінші лауазым, сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев Тоқаевты тағайындай отырып, ең алдымен халықаралық аренада беделге ие саясаткерді таңдады.
“Еуропадан да кең ауқымдағы ірі саясаткер”
деп атады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы — Нұрсұлтан Назарбаевтан кейінгі екінші “шетелдегі ең танымал және көрнекті қазақстандық бренд”, сонымен қатар, көптеген басылым Тоқаевтың есімі “саяси ғана емес, экономикалық мәнге да ие болды — оның көмегімен АҚШ, Ресей, Еуропа немесе Азиядан ірі инвестициялар немесе несиелер тартуға болады”, – деп атап өтті.
Тоқаевтың кәсібилігіне ешқашан ешкім күмән келтірген емес, керісінше, тек қолдаулардан тұрады. Атап айтқанда, Тоқаевты
Қазақстанның сыртқы саясатының көпвекторлылығының негізін қалаушы,
деп атайды. Бұл Қазақстан үшін әлі күнге дейін өзекті.
Тоқаев премьер-министр болған кезінде өзі басқаратын кабинеттің қызметі жөнінде ауқымды сауалнама жүргізді, сонда респонденттер оның
“көрнекі сырт келбетін, байсалдылығын, мінез-құлқының бірқалыптылығын, әдептілігі мен ізгі ниеттілігін, мінезінің жұмсақтығын, аналитикалық, логикалық және позитивті ойлау қабілетін” атап өткен.
Сонымен қатар, адалдық пен шынайылық сияқты қасиеттері оң бағаланған. Тіпті он жылдықтар өтсе де, Тоқаевқа қарата айтылатын эпитеттер әлі де сол күйінде қалып отыр.
Тоқаев қандай да бір трайбализм көріністерінен алыс
Жалайыр (Ұлы жүз руы) бола отырып, ол өз туыстарын билікке тарту тұрғысынан бірде-бір рет байқалмады. Ол қандай да бір ұлттардың немесе диаспоралардың мүдделеріне қысым жасалғандығы жайлы риторикалардан алыс. Тоқаев “бейбітшілік адамы” деп бекер айтылмайды, ол либерал және оның серіктестерінің айтуынша, “озық көзқарастағы” адам.
Азаттық тілшілеріне берген сұхбаттарында бұрынғы дипломаттар Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық қызметін былай сипаттайды:
“Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының негізін қалаушы, ел дипломаттарының көшбасшысы, әлемдік дипломатияда салмағы бар тұлға”.
Қазбек Бейсебаевтың айтуынша, 2011-2013 жылдар аралығында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары лауазымындағы, Женевадағы БҰҰ өкілдігінің басшысы ретіндегі қызметтері Қазақстанның, жалпы Тоқаев дипломатиясының жоғары бағасын көрсетеді.
— Қасым-Жомарт Тоқаев өз қызметін БҰҰ-да жалғастырар еді. Конституцияға сәйкес, Сенат төрағасы — президенттен кейінгі елдегі маңыздылығы жағынан екінші лауазым. Нұрсұлтан Назарбаев бұл лауазымға өзі сенетін адамды ғана емес, сондай-ақ халықаралық деңгейде белгілі адамды тағайындағысы келген сияқты.
Шетелде Тоқаев — Қазақстан саясаткерлерінің арасындағы ең танымал және құрметті тұлғалардың бірі,
– деп есептейді Қазбек Бейсебаев.
Ұзақ жылдар бойы Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеген Бабур Дәуренбек Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсібилігіне жоғары баға береді. Дәуренбектің айтуынша, сыртқы істер министрлігі кадрларының көпшілігі одан үйренген.
— Ол ведомствоның барлық қатардағы қызметкерлерінің атын білген, барлық оқиғадан хабардар болған. Шетелге кететін дипломаттарға кеңестерін берген, қызметінен кетіп бара жатқан қызметкерлерді өзі жеке қабылдаған, кез-келген мәселеге түбірінен қарауға тырысты, — дейді Дәуренбек.
Қасым-Жомарт Тоқаев — Қазақстанның сыртқы саяси бағытының қалыптасуы туралы бірнеше кітаптың авторы. Оның еңбектерінде еліміздің сыртқы саясатымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевтың рөліне үлкен мән беріледі.