Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
3
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Тоқаев, Мәсімов пен Нығматулин басшылар рейтингінде көш бастап келеді

246

“Стратегия” Қоғамдық Қоры 2020 жылдың 4-ші тоқсанындағы басқару элитасының рейтингін дайындады.

Жұмыс үш критерий бойынша бағаланады: жеке тұлға ретіндегі беделі; менеджер ретіндегі тиімділік және саясаткер ретіндегі перспектива. Бағалау 1-ден 7 баллға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі, мұнда 1– ең төменгі көрсеткіш.

Бірінші үштік өзгермеді

2020 жылдың соңғы тоқсанында рейтинг аздап өзгерді. Үздік басқарушылардың алғашқы үштігі, алдыңғы уақыттардағыдай:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев (5,26 ұпай),
  • Кәрім Мәсімов (4,79 ұпай),
  • Нұрлан Нығматулин (4,55 ұпай).

— Осы үш саясаткер рейтингтің өзгеріссіз көшбасшылары болып қала береді. Сондай-ақ, бұл үштікті біріктіретіні

олардың билік олимпіндегі жоғары орындарын ең алдымен беделдерімен қамтамасыз етіуі,

бұл олардың тиімділігі мен болашағы деңгейінен әлдеқайда жоғары”, — деп атап өтті зерттеушілер.

Дегенмен, өзгерістер бар. Төртінші орында Президенттің көмекшісі, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев (4,30 балл). Рейтингте бесінші орынды Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев (4,29 балл) иеленді.

— Сарапшылардың пікірінше, екі басқарушының да басты артықшылығы — саясаткер ретіндегі перспективасы. Бүгінгі таңда осы көрсеткіш бойынша рейтингте олар сәйкесінше екінші және бесінші орындарға ие”, — деп атап өтті әлеуметтанушылар.

Тиімділік перспективасы төмендегенімен, беделдік қалады

Алғашқы ондықтың құрамына Асқар Мамин, Алик Шпекбаев, Ерлан Қошанов, Махмұд Қасымбеков және Тимур Құлыбаев кірді. 2020 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда Махмұд Қасымбеков (9-орын; 4,12 балл) және Тимур Құлыбаев (10-орын; 4,09 балл) рейтинг көрсеткіштері айтарлықтай өзгерді.

Елбасы Кеңсесінің бастығы 18-ші позициядан 9-шы позицияға көтерілсе, “Атамекен” ҰКП төралқасының төрағасы үшінші тоқсанда жоғары саяси салмақты басқарушы саналып  4-ші орынға ие болса, қазір 10-шы позицияға түсті.

Қалған үш саясаткердің позициясы, керісінше, жоғары тұрақтылықпен ерекшеленді.

– жыл бойы бұл үштік алғашқы ондықтың қатарында болды

Топты қорытындылап салмақты саясаткерлер Абай Бисембаев, Ахметжан Есімов және Ерболат Досаев тұр.

Әлеуметтанушылар Ахметжан Есімовтың саяси салмағының төмендегенін атап өтті. Мәселен, егер 2020 жылдың үшінші тоқсанында “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ төрағасының рейтингі 4,3 балл болса, жыл соңында ол 4 балл деңгейінде қалды.

— Өткен кезеңдердегі деректерді салыстыру негізінен мынаны көрсетеді

Есімовте тиімділік пен перспективалылық көрсеткіштері төмендеді,

ал беделі бұрынғы жоғары деңгейде қалды, — деп есептейді рейтинг авторлары.

Рейтинг авторлары Ерболат Досаевтың (19-дан 13-орынға) позициясының айтарлықтай жақсаруына назар аударды. Ол 4 балдан жоғары көрсеткішпен басқарушылар қатарында енді. Сонымен қатар, Ұлттық Банк Төрағасының тиімділігі мен перспективалығы айтарлықтай өсті.

Жылдың сәтсіздігі және мықты ортанқолдар

Орташа саяси салмағы бар саясаткерлер тобын (орташа есеппен 3-тен 4 баллға дейін) бұл жолы 39 саясаткер құрды. Оның үстіне, оның көпшілігі тұрақты қатысушылар.

Төртінші тоқсанда “ортанқолдар” қатары Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің (3,98 балл) есебінен толықты. Позициялар ең алдымен перспективалық бағалаулардағы шығындар есебінен нашарлады.

— Алайда, Қырымбек Көшербаевтың рейтингісінің төмендеуін жылдың сәтсіздігі деп санауға болады,

ол жылдың басында биліктің жоғарғы эшелонындағы ықпалды менеджерлердің бірі болып саналды. Мемлекеттік хатшы лауазымындағы Көшербаев, сарапшылардың бағалауы бойынша, орта есеппен 3,62 балға (20-орын) лайық. Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, жақын арада мемлекеттік хатшының ықтималдығының күшеюі өте күмәнді (перспективалық – 3,05 балл), — дейді әлеуметтанушылар.

Рейтингте есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова көтерілуді жалғастыруда. Өткен тоқсанмен салыстырғанда ол өз позициясын 36 орыннан 21-орынға жақсартты (+0,31 п.т.).

— Годунова бұл топтағы жұмыс тиімділігін 4 балдан жоғары бағалайтын жалғыз менеджер, сонымен бірге оны жақсарта алды (+0,31 п.п.). Түсініктемелерде сарапшылар “СК — ның бюджеттік ашықтыққа қосқан үлесі өте төмен бағаланады” деп атап өтті, – деп жазады авторлар.

Сондай-ақ, рейтингтегі өз позициясын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтарлықтай жақсартты (48-ден 29-орынға; +0,45). Оны сарапшылар жағдайды жақсарту үшін жұмыс істей алатын тиімді және перспективалы саясаткер ретінде бағалайды,

“егер Білім министірлігіндегі жылдар бойы жиналған келеңсіздіктерді жеңе алса”

Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Қалмұханбет Қасымовтың рейтингтік бағасы үшінші тоқсандағы 3,89-дан төртінші тоқсанда 3,47 балға дейін (17-ден 28-орынға; -0,42) айтарлықтай төмендеді. Ол ықпалды лауазымға ие болғанына қарамастан, Қасымовтың беделі мен перспективасы айтарлықтай төмендеді.

“Ортанқолдар” тобын Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова тұйықтайды. Олардың көрсеткіштері 3 балдан жоғары болды. Бірақ позицияларды нығайту туралы айтуға әлі ерте, өйткені олардың рейтингтегі орны аралық болып қала береді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз