Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінің басшылығы, Қарағанды және Түркістан облыстардың әкімдері мен құқық қорғау органдарының басшыларымен Шорнақ кенті мен Сәтпаев қаласындағы жағдайлар жөнінде жиналыс өткізді.
«Дер кезінде әрекет ету нәтижесінде аталған елді мекендердегі жағдай тұрақталды, тәртіпсіздіктің қайталануына алғышарттар жоқ. Мемлекет басшысы жағдайды бақылауда ұстап, жергілікті жұртшылықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, жағдайды тұрақсыздандырғысы келген арандатушыларға кедергі болуды, заң бұзушыларды жауапкершілікке тартуды тапсырды. Сонымен бірге өңір тұрғындарының бірінші кезектегі әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға назар аудару қажет.
Кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының тұрғынына қатысты құқық қорғау органдарына істің қорытындысы туралы жұртшылықты толық хабардар етіп, объективті тергеу жүргізу тапсырылды», —делінген хабарламада