Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Тоймайды екенсіңдер…”. Депутаттар шикізат өндіруші компаниялар мен банктерге шүйлікті

Депутат Айқын Қоңыровтың айтуынша,

доллар өсімін ауыздықтауға еш асықпайтын Үкімет пен Ұлттық банкке оның салдарын жою механизмін құратын уақыт жетті.

– Халықтың не кінәсі бар? Ұлттық валютада сақта деді. Сақтады. Ұлттық валютада сауда жаса деді. Жасады. Бірақ сол ақша құнсызданып жатыр ғой. Кімнің кесірінен? Байлардың ақшасын көбейтіп береміз дейсіздер. Жарайды, көбейтіңіздер. Енді соны, спекульятивтік өсімнің басқаға зияны тимейтіндей етіп жасаңыздар. Ал зияны тиген екен, онда оны өтеп берулеріңіз керек. Ол үшін Үкімет шығынданбай-ақ та қойсын.

https://kaz.365info.kz/khazakhstanda-dollar-nege-ose-beredi-belgili-kasipker-ylken-shyndykhty-ajtty-331542

Ақша бағамына сәйкес жасалатын валюталық кепілдеме дегенді енгізіңіздер. Ол бойынша доллар қымбаттауы салдарынан, теңге түріндегі жинақ қанша құнсызданды, сонша ақшаны шотқа қайта құйып беру керек.

Сонда мемлекет азаматтарының жеке жинағы мен зейнетақысын құнсызданудан қорғап, кепілдік жасай алады. Сонда доллар қымбаттап жатқанда, ел іші дүрбелеңге түспей, үрей мен қорқыныш болмайды.

Біздің есебіміз бойынша, еліміз мұнай экспортынан жылына алатын табысына осылай доллар өсіру арқылы тағы 3 трлн теңге қосып алады екен.

Бұл валюталық спекульция салдарынан құнсызданған ақшаның орнын жабуға жеткілікті ақша. Ал мұндайда мұнай расында ақша бағамын реттей алатын құралға айналады, – дейді ол.

Мамандар ұлттық қордағы және зейнетақы жинағы қорындағы қаржыға халық тарапынан бақылауды күшейту керек деседі. Өйткені, халықтың жылдар бойы жиған-тергені талан-таражға түсіп жатыр. Мәселен, биыл Зейнетақы қорындағы 200 млрд теңге коммерциялық банктерге берілмек. Ал қаражат иесі – халықтан оны ешкім сұрап жатқан жоқ.

https://kaz.365info.kz/khyrkyjektin-ortasynda-dollardyn-khatty-khymbattajtyny-bolzhanyp-elden-degbir-ketti-331027

«Бұл мәселені назардан тыс қалдыруға болмайды. Тиісті органдар да қол қусырып отыруға болмайды. Халық қандай жағдай болмасын, зардап шекпеуі керек» – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанат Жарасов.

Қазір зейнетақы жинағына әркім ауыз сала бастаған. Оның тыйылар түрі жоқ. Жаман әдетке айналып барады. Тіпті, халық коммерциялық банктерді «асырай бастаған». Биыл тағы да Үкімет пен Ұлттық банк осы қордағы 200 млрд теңгені банктерді сауықтыруға жұмсап отыр.

«Зейнетақы халықтың ақшасы болғаннан кейін, халықтың бақылауы болуы керек. Бірақ, сол қоғамдық бақылауға білікті маман, қаржы туралы түсінетін комиссия мүшелері халықтық бақылау жасап, кеңес беріп, айтып тұратын пікір болуы керек» – дейді экономист Сапарбай Жұбаев.

Сарапшының сөзіне сенесек, мемлекет банктерді осымен алтыншы рет құтқарып отыр. Бұл әдет осыдан 10 жыл бұрын пайда болған. Ол жолы атышулы БТА банкіне 1 трлн 200 млрд теңге жұмсалған еді. Ал қазір Зейнетақы қорындағы бар жинақ 8 трлн теңгеден асады. Осылайша, мөлшері жыл сайын бір триллионға артып отырады. Сондықтан, мұндай жайттарға шектеу қоятын уақыт жетті дейді сарапшылар.

https://kaz.365info.kz/ketu-kerek-dosym-satpaev-khazir-khazakhstanda-ne-bop-zhatkhanyn-ajtty-330807

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз