Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Тойға барудан ешқашан қашпаймын” – Айдос Сағат

177

— Айдос, сіз қалайша әлі де жас көрінесіз? Құпияңыз неде?

Құпиям жоқ. Әке-шешеме рахмет, генім сондай шығар! Сосын отбасын құрып, балалы-шағалы болған соң денсаулыққа да қатты қарағың келеді. Сүйікті ісім бар, сүйікті отбасым бар.

Сіз осы кеш үйлендіңіз емес пе?

— 35 жаста үйлендім.

Неге кеш үйлендіңіз?

Жүріп қалдым. Рок-н-роллмен жүрдім ғой. Бүкіл елді шарлап жүрдім. Қолым мүлдем босамайтын. Екіншіден, үйленіп, отбасын құруға лайық қыз да бірден табылмады. Мен әйеліммен 4 жыл бойы кездесіп жүріп, сосын бірақ үйлендім.

Осы сіздің клиптеріңізде әдемі қыздар өте көп болды. Солармен араңызда «махаббаттар» болды ма?

Ешқашан. Клип түсіру кезінде біздер тек қана кәсіби қарым-қатынас ұстанамыз.

Сіз қиын адамсыз ба?

Олай ойламаймын. Мен керісінше, жеңіл адаммын! Бәрімен доспын. Бірақ өзімнің белгілі бір деңгейден төмендеуіме жол бермеймін. Менің жұмысым елдің көз алдында, бәрі көзін тігеді. Егер мен бір жаман қылық жасап, ол ел-жұртқа тарап кетсе, менің шығармашылығымды сүйетін адамдарға ауыр тиеді ғой.

Менің мақсатым өсу. Бұл жағынан мәңгі студент сияқтымын. Үнемі бірдеңелер ойлап тауып, тәуекелдерге барамын.

Тойға шығасыз ба?

Той-томалақтардан неге қашуым керек? Ән айту – менің жұмысым. Қайда шақырса да өз жұмысымды атқарып, өнерімді көрсетемін.

Қазақстандағы музыка нарығының өзі сондай, әртістердің 90% өз табысын тойлар мен корпоративкалардың арқасында табады,

өйткені біздің нарық тым кішкентай. Индустрия жоқ, сол себепті Қазақстанда ешқашан шоу-бизнес болмайды. Сол, ары кетсе – той-томалақ. 18 млн халық – нарық емес.

Қазақстаннан басқа жерде топ құруыңызға не себеп?

Себеп көп. Жолым болып кетті сол кезде. Англияда мүлдем ерекше жоба бастау мүмкіндігі күнде тумайды. Тобымызда мықты музыканттар бар. Топтағы әншіміз Дэвид Сай Мэрилин Монромен жұмыс істеген атақты әртіс Фрэнки Вонның ұлы. Өзі 30 жылдан бері йог.

Бұл жобаңыз «Үркер» тобынан несімен ерекшеленеді?

— «Үркердің» өз үні бар. Оны Қазақстанда бәрі таниды. Батыл эксперименттерді қабылдамайтын Қазақстанда «Үркерге» жайлы, оның үні 20 жылдан астам уақыт бойы өзгерген емес. Біздің нарық тым тар, әрі тым консервативті.

Ал NoMadKarma жобасы жабайы микс ретінде құрылған. Ол тым батыл, тым өзгергіш. Қазір қазақтың ұлттық аспаптарының электронды би ырғақтарымен араластыра бастадық.

Таяуда біз «Тұран» фольк-коллективі мен Астана камералық хорының қатысуымен өте қызықты мультимедиялық шоу ұсынбақпыз.

— «Үркерден» кетесіз бе?

— «Үркер» өзімнің төл туындым, балам сияқты ғой. Оны тастамаймын.

Қазақстандық тыңдармандардан көңіліңіз қалған жоқ па?

Жоқ, ондай себеп жоқ. Тыңдармандарым, жанкүйерлеріммен де сыйластық бар. Бүкіл әлемге ашық болу керек. Мен де өзгергім келеді, түрлі нәрселер жасағым келеді. Екі түрлі елде болса да, «Үркерде» де, NoMadKarma-да да жұмысымды жалғастырамын.

Мына Ғалымжан Молданазар, Қайрат Нұртас, Димаш Құдайберген деген әншілерді тыңдайсыз ба? Олар сізге ұнай ма?

Әрқайсысы өзінше қызық, өзінше дарынды. Әрқайсысының өз аудиториясы бар. Бұл өте қуантады. Неше-түрлі орындаушылар көп болған сайын, одан тыңдармандар тек қана ұтады. Біздің жігіттер жаман емес, қолдарынан іс келеді.

Бағанағы қызық сұраққа қайта оралайықшы. Неге 35 жаста, неге дәл сол қызға үйлендіңіз? Ол қандай қыз?

Оны 45, немесе 55 жасымда емес, 35-те кездестіргеніме қуанамын. Кездестіргенімнің өзі бақытты жайт.

35 жасыма дейін маған талай қыздар қызыққан

Тіпті маған қандай әйел керек деген бағыт-бағдарымды жоғалта бастадым. Жанымды ақыры жай тапқызатын қандай адам жанымда болуы керектігін білмедім.

Менің әйелім барлық жағынан әйелдігі мол адам, оның жақсы ана болатынын бірден сездім. Әңгімеге жақсы, жаныңда не туралы болса да сөйлесуге болатын адамның болғаны жақсы ғой. Бірден достасып кеттік. Сосын ол қалжыңды жақсы көреді. Онымен қайда жүрсең де көңілің көтеріңкі жүреді.

Балаларыңыз өзіңізге ұқсай ма?

Ұлымның есімі Жәңгір, ол 8 жаста, қызым — Беата 5 жаста. Екеуі де бізге ұқсамайды. Олар Суқұйғыш дәуірінің жаңа формациядағы балалары, олар мүлдем басқа. Міне, біз әйеліміз екеуміз осы жайында жиі айтамыз, олар атомды балалар.

Белгілі бір дінге сенесіз ба?

Жоқ. Мен белгілі бір діни институттармен байланысты емеспін. Шоқыну үшін храмға бармаймын, мен тек бір Құдайдың бар екеніне шүбәсіз сенемін.

Қалай тамақтанасыз?

Менің тамағым қарапайым. Осыдан біраз жыл бұрын ет пен тауық жеуді мүлдем тоқтаттым. Таңғы асқа ботқа, жұмыртқа пен пайдалы нан жеймін. Кешкі 7-8-ден кейін ештаңа жемеуге тырысамын. Ерте жатамын, ерте тұрамын. Соңғы 3-4 жылда өмір сүрудің басқа режиміне ауыстым.

Жұлдыз ауруымен ауырдыңыз ба?

Әрине, ауырдым. Әсіресе «Наурыз» әні шыққаннан кейін жұлдыз болып кеттім. Өзімше болып кеткем, анау-мынауларды менсінбей. Бірақ уақыт бәрін емдейді. Бәлкім, осыдан 15 жыл бұрын мінезім қиын болған да шығар, қазір мен қатты өзгергенмін.

Біреулер айтып жатады – адамдар өзгермейді деп. Мен мынадай шындықты айтайын – біз күн сайын өзгереміз.

— Сіз не себепті өзгердіңіз?

Жасым келді ғой, есейдім. Адам есейген сайын өзгеруі керек. Жақсара түсіп, қарапайымдала түсіп, мейірімдірек болуы керек.

Өміріңіздегі ең маңызды адамдар кім?

Отбасым. Әйелім мен балаларым. Менімен бірге тұрып, маған шыдап жүргендер солар.

Сатып алған ең қымбат дүниеңіз не болды?

— А

сіз білмейсіз бе? Ақша-дүние туралы сұрақ қою – үлкен мәдениетсіздікке жатады! Байқаймын осы, Қазақстанда адамдар қит етсе «қанша табасың, саған қанша төлейдідеп бас-көз демей дүңк еткізеді

Лондонда ондай сұрақтар қойылмай ма?

Ол жақта өмірдің материалдық жағы туралы ешкім ойланбайды, олар жай ғана, ақшасыз, адамша бақытты болғысы келеді. Сондай талап бар. Тағы бір талап – адам өзінің сүйікті ісімен айналысуы керек. Одан түсетін табысың мүлдем маңызды емес.

Бақытты болғысы келетін адам мен бай болғысы келетін адам – екеуі екі бөлек планета.

Сіздің ақша туралы сұрағыңыз – бай болғысы келетін адамдар қоятын сұрақ. Ал мен бақытты болғым келеді.

Шетелде жүріп көзім жетті, олар ақшадан бұрын өзінің сүйікті ісіне қол жеткізгісі келеді. Кейде үлкен құрбандықтарға барып жатады. Сол үшін ісін жаңа бастаған музыканттар үйленбейді, өйткен оған әзірге жағдайы жоқ.

Біздер Қазақстанда қайта бақыттымыз ғой, бізде көптеген жас музыканттардың астында мәшинесі, баспанасы, үйінде отбасы, банкте есеп-шоты бар

Ал ол жақта адамдар карьерасының шыңына жету үшін ондаған жылдар бойы еңбектенеді. Өте қиын жолдан, жоқшылықтан өтеді. Англия немесе Америка сияқты елдер – өте қатал жер. Салықтары сұмдық, бәсекелестік деген масқара деңгейге жеткен, әсіресе шоу-бизнесте. Ол жақта музыканттардың көпшілігі өмір бойы жалғыз қалады.

Бос уақытта не істейсіз?

Әдебиетке қызығамын. Жақсы кино көргенді ұнатамын. Әсіресе адамды ойландырып тастайтын, өзгеруге итермелейтін кинолар ұнайды.

Әртіспен әңгімелескен Гульбахор Хасанова, Ирина Ажмухамедова, Әлима Оңғарбаева және Мадина Қансейітова.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден көре аласыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз