Қалыңдықты ұзату мен жасауын дайындау қазақтар үшін ежелден үлкен маңызға ие. Бірақ көпшіліктің пікірінше, бұл дәстүр қазіргі таңда бәсекелестікке айналып, даңғазалық сипатқа ие.
Желіде қалыңдықтың ұзатуынан видео тарады. Қыздың жасауына 12 қымбат қаракүзен тоңы кірген. Мұндай қомақты шығын пайдаланушылардың шамына тиіп, Қазнетте талқылауға себеп болды. Бірі бұл — дәстүр десе, басқасы мұндай әрекетті ысырапшылдық пен даңғазалық деп атады.
“12 жағалы киімі бар. Қызғылт, сұр, ақ. Осыларды киіп жарқырап жүреді”, — деп түсіндіреді бейнематериалда.
“Мұндай ысырапшылдықтың қажеті қанша?”, “Мүмкіндік болса, неге алмасқа?”, “Недеген бәсекелестік?”, “Ақшасын қайда жіберерін білмеген ғой”, “Қыз — өз үйінде қонақ. Оны тәрбиелеу және тұрмысқа беру — әр ата-ананың арманы. Тоң рөл ойнамайды. Ең бастысы, бақытты болсын”, — деп жазды қолданушылар.