Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Той қазақтың уақыты мен қаржысын аямайды

Әр тойға апаратын тойананы есептеңізші, бір айда қанша шығын… Сол ақшаны баланы дамытатын түрлі үйірмелерге жұмсаса ғой. Қайдағыыы, өз баласына келгенде аяп қалады. “Ақша жоқ, қалай үйірмеге қатыстырамын?” дейді.

Тегін үйірмелерге “уақыт жоқ, кім апарады?” дейді. Тойға баруға уақыт табады. Ал өзің уақыт таппасаң, сол тойға апарған ақшаңа апарып-әкелетін адам жалдап қоюға болады. 

Біз жақтың тойында танымайтын адамдар көп болады, алпыс апа, жетпіс жездесін шақыра береді ғой баяғы. Ертең өздері той істесе, “біз де тойына барғанбыз, шақырмасақ ұят” деп шығады.

Ең жақын адамдары болмаса, былайғы тойларға ешкім қуанып бармайды. Мойындау керек, ары тартса бері жетпей, бері тартса ары жетпейтін кезде тойға барған не сәні? Өзі жыны кеп барғасын, сол тойды сынамай қайтсін.

Асабасы мен дастарқаны күшті болса, түк таппағасын келіннің көйлегі мен макияжын, прическасын айтып кетеді. Тойдан келген соң шаршайсың. Өз басым жылына үш рет болатын корпоративканың өзінен өлесі боп шаршап қайтам, ал той туралы айтпай-ақ қояйын. Той болса, жүз адамнан асатын той жасап керегі жоқ. Біреудің уақытын алып қайтесің? Одан да сол тойға кететін уақытты өзіне арнасын.

Кейде қазақтың ғылымда аты озбай жатқанына осы тойдың да әсері бар ма деймін. Той тойлап жүрген адам қалай оқып, қалай жаңалық ашады? Тойдан кейінгі пыш-пыш та адамды ұсақтатып жібереді, нервісіне тиіп. Билік қажеті болсын, болмасын түрлі халықаралық іс-шаралар өткізгіш деп сынайсыздар. Өздеріңіз қандай дарақы болсаңыздар, биліктеріңіз де сондай ғой.

Жадыра Нармаханованың фейсбуктегі жазбасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз