Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр кезеңде қолына домбыра алып, көңілді серпілткен сәттерінің видеосы желіде пайда болды.
Бұл видеоны ҚР Президентінің телерадио кешені Инстаграмдағы парақшасында жариялады.
Айта кетелік, бүгін Астанада Елбасы 2 мыңнан астам домбырашының өнерін тамашалап, Қазақ елін ұлттық аспап – домбыра күнімен құттықтады. Бұл күн Қазақстанда алғаш рет аталып өтуде.