Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Тілінен тапты”. Ninety one тобының директоры Жан Ахмадиевті сотқа бермек

300

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше ай бұрын Bala-ның: “Қазақстанда әдемі қыздар жоқ” деп айтқаны телеарна эфирінен көрсетілді. Әншінің бұл сөзі қып-қызыл дауға ұласты. Ел өз қарындастарын сұлу емес деп атаған әншіні сөкті. Алайда кейіннен әнші сөзінің бұрмаланғанын, ал эфирден берілген үзіндінің монтаждалғанын айтқан еді.

Есте болса,

бірнеше күн бұрын Bala-дан сол атышулы сұхбатты алған Жан Ахмадиев сайтымызға сұхбат беріп, Bala-ның шын мәнінде “Қазақстанда әдемі қыздар жоқ” деп айтқанын дәлелдей алатынын мәлімдеді. Ол эфирден көрсетілген кадрлардың монтаждалмағанын, тіпті оны арнайы экспертизаға жөнелтуге әзір екенін айтты.

Мұнан соң топ директоры әрі Ерболат Беделханның жары Асыл Беделхан ашуға мінді.

“Шыдамның да шегі бар” екенін алға тартқан ол Ахмадиевті сотқа беретінін айтты.

“Әр нәрсенің шегі бар. Сізді сотқа беремін. Сұхбат кезінде мен де сонда болдым және Bala-ның не айтқанын өз құлағыммен естідім. Жан толық сұхбатты шығарса, нағыз дәлел сол болмақ. Сөз осымен бітті, сотта кездесеміз. Шаршаттыңдар!” – деп жазды Беделхан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз