Шығыс Қазақстан облысында полицей қызметкерін видеоға түсіріп, оны Tik Tok желісіне таратқан ер адам жазаға тартылды. Ол видеода қызметкерге негізсіз сөздер айтып, қорлаған. Соттағы деректерге сай биыл көктемде, сағат 21:00 шамасында Өскемен қаласындағы Бажов және Белинский көшелерінің қиылысында сотталушы жол ережесін бұзған. Кейін өзін тоқтатқан полиция қызметкерін қарсы сөздер айтып, оны видеоға түсіре бастаған.
«Қылмыстық кодекстің 378-бабы 2-бөлігінде мұндай заң бұзушылыққа айыппұл немесе қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалады. Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар шын жүректен өкіну және кінәсін мойындау. Сот 80 сағатқа қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады», – деп хабарлады Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.