Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Терроризмге қарсы бірігейік!” – БҰҰ-да Қазақстан бастамасы талқыланды

133

Сарапшылар Қауіпсіздік Кеңесі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының терроризмге қарсы күрес саласында қабылданған қарарлардағы жетістіктер мен оның кейбір кемшіліктеріне тоқталды. Оның ішінде 

терроризмнен азат әлемге қол жеткізу жолындағы Қазақстанның бастамасына ерекше көңіл бөлінді.

Бұл өте заманауи бастама. Біз оны резолюция, декларация немесе кодекс болсын, кез-келген түрінде қолдаймыз. Менің ойымша, Қазақстан ұйымдастырған пікірталастарға осылай көптеген елдердің қатысуы өте жақсы көрсеткіш. Яғни, мемлекеттердің тұрақтылық орнатуға ниеті бар. Лаңкестікке қарсы күресте ашықтық пен өзара түсінушілік болуы маңызды,

– дейді Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің елшісі Джавад Сафаи.

Сондай-ақ, күні кеше Қазақстанның арнайы делегациясы Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының жиынына қатысты. Онда Ұлыбританияның химиялық қаруға тыйым салу конвенциясына қатысушы елдердің ұйымының мандатын ұлғайту туралы ұсынысы қабылданды. Атап айтқанда, Ұлыбритания қауымдастық химиялық қару қолдануды кінәлілерді анықтау құзіретіне ие болады. Қазақстан өзге мемлекеттер қатарында Британия жобасына түзетулер енгізуді ұсынған. Өкінішке қарай, басқа да көптеген түзетулер сияқты ол да дауыс беруден өтпей қалды.

Қазақстанның Нидерландыдағы Төтенше және өкілетті Елшісі, Қазақстанның Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Мағжан Ілиясовтың айтуынша, Қазақстан тарапы ұсынған түзету осы ұйымның ашықтығын арттыруға бағытталған болатын:

Қазақстан жаппай-қырып жою қаруының барлық түрлеріне қарсы күресіп келеді. Және де Қазақстан қуаты жағынан әлемде төртінші төртінші орын алатын ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан мемлекет. Осы орайда 2017-2018 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тқрақты емес мүшесі ретінде осы залықаралық шараға белсене атсалысып, Британиялық әріптестері дайындаған негізгі қарар мәтініне түзету енгізуді ұсынған. Ол түзетудің мәні – осы ұйымдағы ашықтықты, сындарлы ынтымақтастықты және әріптестер арасындағы өзара түсіністікті арттыруға бағытталған болатын,

– дейді Мағжан Ілиясов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз