Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Тердің орнына қан шығатын бойжеткен елден тығылып өмір сүріп жатыр (фото)

167

Италияндық ару Дельфина Седеньоның дертінің атауы “гематидроз” болып шықты. Сөйтсе қыздың қанындағы адреналиннің мөлшері қалыпты нормадан 20 есе артық екен. Сондықтан ол қобалжып, жалпы эмоцияға берілгенде қан тері немесе жас арқылы сыртқа шығатын көрінеді. Қазір итальяндық бойжеткен дәрігерлердің қарауына алған.

Бұл өте сирек кездесетін ауру болғанымен тарихы тереңде екен. Мысалды Винчидің “Соғыс басталмай тұрып қансыраған солдат” атты туындысынан байқауға болады.

Жалпы, қыз сегіз жыл бұрын ауыра бастаған. тіпті, ол мектепті тастап кетуге мәжбүр болыпты. Ақыры депрессияға ұшыраған ару дәрі ішіп, өлмек те болыпты. Оның өмірі туралы баспасөзден хабардар болған бір жігіт бір күні қызбен танысуға келіпті. Ол оған әдемі екенін айтқан.

Тура осы дертке Тайландта 13 жастағы ұл бала да шалдыққан. Әке-шешесі қорқып, оны киелі орындарға апарып, Құдайдан кешірім сұрап әлек екен. діндар ата-ана мұны Құдайдың жазасы деп санайтын көрінеді.

Дәрігерлер бұл дертке үнемі стерсте болып, үрей мен қорқынышта өмір сүретін адамдар бейім келетінін айтады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз