Абайлаңыз, Сәлімов келе жатыр! Осылай деп бір-біріне жиі қалжындап жататын журналистерге Семей әкімінің мінезі жақсы таныс. Өйткені, журналист қауымы ұнамай қалса, Ермак Сәлімовтің тұтқиылдан камераға тұра ұмтылатын әдеті бар. Байқаңыздар!
Камераға жармасты, онда тұрған не бар дерсіз? Ал, өзін жергілікті жердің жаратқан иесіндей сезініп, қол жұмсайтындай жағдайға жеткендерге не деуге болады? Қарапайым тұрғындарды мал құрлы көрмей балағаттап, тәртіптік кеңеске түсіп жататын шенділердің санына тіпті жетіп бітпейсің деп хабарлады 31 телеарна.
Айтпақшы,
біздің әкімдердің ішінде аузына келгенді айтуды ауызекі тіл деп түсінетіндер де бар. Сенбесеңіз тыңдап көріңіз.
ҚАЙЫРБЕК АМАНҒАЛИЕВ, Елтай ауылының бұрынғы әкімі:
– Балағаттаймын ба, балағаттамаймын ба өзім білем. Ол ауызекі тілде, бәрі айтады ондайды.
Креслоға жайғаса салып, міндетін тез ұмытатын мемлекеттік қызметшілердің қол жұмсауы да тыйылмай тұр.
https://kaz.365info.kz/bajbek-afrikanesti-korset-almatydagy-alyp-tiinge-zhemkhor-degen-at-berildi-foto-323454
Жақында Ақмола облысында апталдай азаматты соққыға жығып, тіпті «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізді» деп айтыпталған Курская ауылының әкімі Владимир Рагозный бар болғаны қызметінен босаған еді.
ТАТЬЯНА ЖӘМІШЕВА, Баржақсы Жәмішевтің әйелі:
– Аудан орталығына алып кетіп соққыға жыққан. Қатты ұрғаны сонша, күйеуім мені де танымай қалды.
Ақмола облысында болған бұл бірінші оқиға емес.
Қорғалжын ауылдық аймағының әкімі Жанат Омаров 14 жастағы мектеп баласын тепкінің астына алғанда да үндемеген полицейлер, іске мәжіліс депутаттары араласқан соң ғана қозғалды.
МИРАС МҰҚАН, жәбірленуші Диас Мұқанның інісі:
– Басынан үш рет тепті, иығынан бір рет тепті.
https://kaz.365info.kz/khyzyndy-oltir-dedi-khytajga-tigen-khazakh-khyzynyn-akesi-ashynyp-malimdeme-zhasady-322888
АЙГҮЛ БЕКЖАНОВА, жәбірленуші Диас Мұқанның анасы:
– Орындықтан тұра бергенде жұдырықпен оң жағынан ұрған. Бала орындықпен қоса құлаған.
Жұдырықпен шешетін шенеуніктерді ауылдан ғана емес, қаладан да табасыз!
Талдықорған әкімінің орынбасары болған Асқар Тұтыбаев өз кабинетінде кәсіпкер Алмас Садырбаевпен төбелескенін білетін шығарсыз! Бірақ, мұндайда, шенділерден гөрі көбінде екінші тараптың сотты болып жататынын көз көріп жүр.
АЛМАСБЕК САДЫРБАЕВ:
– Адамның бәріне түсінікті ғой, әкімшілік ресурстардың күші жоғары тұратыны. Шағым түсіремін.
Жұдырық ала жүгіруден кетәрі емес әкімдердің тізімінен Шымкент пен Қызылорда облысы да шет қалмайды.
https://kaz.365info.kz/ozi-sekirip-ketti-akim-men-kasipker-tobelesip-akhyry-olimmen-tyndy-308736
Түлкібастағы Майлыкент, Шиелідегі Тартоғай, Алматы облысындағы Бірінші Май ауылдық аумағының басшыларына қатысты «әкімінен таяқ жедім» деген шығымдар баспасөз құралдарында айтылмады емес.
Бұдан кейінде айтылмасын десе, әкімдердің «әдеп кодексін» оқып алғаны жөн болар?