Теңге бүгін тағы да құлдырады. Ұлттық валютамыздың құбылуына мұнай бағасының төмендеуі себеп болып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.
Көмірсутек кеше күні бойы арзандаумен болды. Ең көп құлаған WTI баррелі 50 доллардан төмен сатылуда. Жақында ғана рекордты жаңартқан Brent маркалы бензиннің барелі болса 55,5 ке жетті.
Бұлардың барлығы әрине теңге бағамына әсер етпей қоймады. Кешелі бері теңге құнсызданып келеді. Ақша айырбастау орындарында Америка ақшасы 345 теңге болса , еуро 407 деп тұр. Рейсейдің рублі де қояр емес. Оның өзі 6 теңгеден саудаланып жатыр.