Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Теңге бағамы: ұлттық валютаның жай-күйі қалай?

317

Рубльдің жаңа рекордтық құны

22 қазандағы рубльдің ресми бағамы — 6,12 теңге, қазанның бірінші жартысында ол 2,3%-ға өсті. Ресей валютасы тұңғыш рет осындай қымбат көрсеткішке жетіп отыр. Егер жыл басынан бері қарасақ, өсу айтарлықтай — 10,9%.

Салыстыру үшін: 2018 жылы рубль теңгеге 4,3%-ке арзандаған болатын

Жалпы, қазір ол әлемдік биржаларда сенімді тұр. РФ-дағы доллар құны қазір 63,7 руб. деңгейінде, қыркүйек айының басында ғана 66-дан жоғары еді. Нығайтуға сыртқы факторлар әсер етеді, оның ішінде геосаяси де (санкциялық риториканы жұмсарту), сондай-ақ экономикалық та (мұнай бағасын тұрақтандыру).

Алайда, негізгі қолдауды Ресей валютасы қарыз нарығы тарапынан алады. Жақында Ресей Орталық банк басшысы Эльвира Набиуллина CNBC арнасына берген сұхбатында реттеушінің базалық ставканы “анағұрлым батыл” төмендетуге дайын екенін мәлімдеді. Және бұл Орталық банк басшысының алғашқы мәлімдемесі емес. Сондықтан аптаның соңына қарай сарапшылар базалық ставканың кем дегенде 6,5%-ға дейін төмендеуін күтуде.

Мұндай ақша-несие саясаты Федералдық қарыз облигацияларына инвесторларды тартады. Және бұл сұраныс рубльге қолдау көрсетеді. Бұдан басқа, қазір салық кезеңі жүріп жатыр, бұл экспорттаушылар тарапынан рубльге деген сұранысты күшейтеді.

Еуро: үш аптада плюс 12

2 қазанда ресми курс 423,12 теңгені құрады, бұл жылдық минимумға жақын болды. Бірақ үш аптадан кейін жағдай түбегейлі өзгерді. Қазір еуропалық валютаның құны жылдық максимумға жақын. 22 қазанға ресми баға — 435,32 теңге. Осылайша, қазан айында ғана еуро 11,6 теңгеге (2,7%) қымбаттады. Бірақ әзірге оның құны жылдың басына қарағанда төмен (4 теңгеге немесе 1%-ға).

Еуропалық валютаның құнына әсер ететін басты фактор — Brexit.

Ұлыбританияның Еуроаймақтан шығу процесі бітіп болмайтын телехикаяға айналғандай

Және соңына жақындаған сайын, сюжеті де шытырманға айналып бара жатқандай.

“Сенбі күні парламент премьер Борис Джонсон ұсынған ЕО-мен жасалған мәміле бойынша дауыс беруден бас тартты. Осыдан кейін Джонсон Брюссельге екі хат жолдады. Парламент талап еткендей, ол Brexit мерзімін кейінге қалдыру туралы сұрады, бірақ оған қол қойған жоқ.

Басқа хатта саясаткер елдің Еуроодақтан шығуын кешеуілдету қате деп санайды. Сонымен қатар, Британия үкіметі ел Еуроодақтан мәмілесіз шығуды қарастыратын төтенше жоспарды іске қосты. Ал жексенбі күні Brexit дайындауға жауапты британдық министр Майкл Гоув Британия Еуроодақтан айдың соңына дейін шығады деп мәлімдеді»,

– деп Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы пікір білдірді.

Сондықтан

инвесторлар еуроны біресе сатып алады, біресе сатып жібереді,

және бұл биржалық құнға тікелей әсер етеді. Соңғы уақытта бірінші нұсқа басым. Қазіргі уақытта тараптар мәмілеге келеді деген болжам басым.

Доллар тағы да төмен стартта

Әлемдік ауқымдағы тағы бір маңызды оқиға — “сауда соғыстары” бойынша АҚШ пен Қытайдың келіссөздері. Сөздерінде тараптар қайта ымыраласуға дайын, бірақ іс жүзінде тек жаңа баж салықтарын енгізуді кейінге қалдыруда. Әлемдік нарықтар түсініксіз келешектен қалтырап отыр. Шикізат бағасы біресе өсіп, біресе төмендеп жатыр, онымен бірге компаниялар акциясының құны да ауытқып тұр.

Алайда, соңғы уақытта ауытқулар аз болды — инвесторлар бұл мәселеден шаршаған сыңайлы. Мысалы, қыркүйектің екінші жартысында мұнай бағасы барреліне 60 доллардан төмен түсіп, ақпараттық себептерге назар аудармай, осы деңгейде қалып отыр.

Осы орайда

АҚШ доллары көптеген валюталарға қатысты құлдырады, бірақ тек теңгеге емес

Бағам бір доллар үшін 386-390 теңге аумағында қатып қалғандай. Бұл ретте Ұлттық банк бағамның құрылуына араласудан бас тартады.

22 қазандағы америкалық валютаның ресми құны — 389,86 теңге. Бұл 11 күн бұрын белгіленген тарихи максимумнан алыс емес – 390,13 теңге.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз