Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Теміржолшылар «Nur Otan» партиясын қолдайды

Басқосуға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Гүлдара Нұрымова, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ерқанат Манжуов, Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Айдын Сеитбенбетов және «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері қатысты.

Жүздесуді ашып, жүргізген Батырбек Әбдірәсілұлы алдағы қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауының еліміз үшін маңызы зор екендігін айтып, қатысушыларды саяси науқаннан тыс қалмауға шақырды. Келесі кезекте сөз алған кандидаттар да сайлаудың ерекшелігіне тоқталып, «Nur Otan» партиясының бастамаларына тілге тиек етті.

Партия бүгінде 17 басымдықтан тұратын сайлауалды бағдарламасын ұсынып отыр. Оның ішінде денсаулық сақтау, білім беруді дамыту, жастарды қолдау, жемқорлықтың тамырына балта шабу, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, табиғатты қорғау, жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті қолдау сияқты көптеген маңызды міндеттер қамтылған.

Жиында теміржолшылар да сөз алып, жүзеге асып жатқан жобалармен бұрыннан таныс екендіктерін айта келе «Nur Otan» партиясына біркісідей дауыс беретіндіктерін жеткізді.

«Nur Otan»  партиясы  Жамбыл облыстық  сайлау қорының қаражатынан төленді
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз