Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Телефонға телмірген жастар арасында көз ауруы көбейді

133

Оған қоса, ұялы байланыс абоненттерінің де саны 4,6 пайызға өсті.

Бүгінде 26,6 миллион мобильді нөмір тұрақты қолданыста екен.

Оған кеткен қаражат та тәп-тәуір. Мәселен,

Қазақстандықтар ағымдағы жылдың қаңтар мен мамыр айларында үш жүз миллиардқа жуық теңгені байланыс қызметіне жұмсаған.

Оның ішінде 91,1 миллиард теңге ұялы байланыс қызметі үшін төленді. Өткен жылы бұл сомма 6,3 пайызға төмен еді. Ұялы байланыс нарығы мобильді ғаламтордың арқасында пайдаға кенеліп отырғаны жасырын емес.

Мысалы, байланыс саласын жаулап алған компаниялардың бір жылдық кірісі 207 миллиардтан асып жығылды. Олар жоғары жылдамдықты интернет желісін ұсыну арқылы тұтынушыларының санын еселеп отыр.

Алайда, кейбір әлеуметтік сала өкілдері бұдан белгілі бір деңгейде зиян да бар екенін айтады. Яғни,

ақ халаттылар шектен тыс смартфонға тәуелділік көз ауруларына әкеп соғатынын айта айта жалықтық дейді.

Офтольмолог мамандар алақандай экранға байланып, айналасын байқамайтын адамдармен күресу керек деген ұстанымда. Себебі, көздің көру қабілетінің төмендеуі жастарда жиілеп кеткен.

Тұрсынгүл БОТАБЕКОВА ҚР Бас офтальмологы:

– Балалардың айпад, айфон, гаджеттерден бас алмай отыруы жақсы емес. Қазіргі кезде мектеп жасындағы балалардың көзілдірікке мұқтаждығының артқандығы байқалады. Бұл мәселемен мемлекет болып күресуіміз керек. Әр ата-ана өз баласына ғаламторды көп уақыт қолдануға жол бермеу қажет.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз