Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Телефонды қара….”. Оңтүстікте асылып өлген полицей қандай шындықты айтып кетті? (видео)

335

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Марқұмның туыстары оқиға орнына бірінші болып жеткен полиция басшылығы Нариман Назаровтың ұялы телефонындағы кіріс-шығыс хаттары мен қоңырауларын түгел тазалағанын айтуда. Олардың сөзінше, полиция басшылығы Нариманды жұмыстан қуыласың деп қорқытып, ақша бопсалап, өзіне қол жұмсауға итермелеген.

 

https://kaz.365info.kz/kir-sudyn-arasynan-almatyda-zhogalyp-ketken-4-zhasar-balanyn-oli-denesi-tabyldy-foto-316160

 

«Оның намысына тиіп, жұрттың алдында боқтап, келемеждеп, осы соңғы жиналысында «сен болды, түскі астан кейін жұмыстан шықтың» деген. Болды саған бұйрық шығады. Сөйткен де, ол қатты ашуланып жиналыстан шыққан, үйіне барған да, осындай жағдайға барған. Формада, кәдімгі жұмыстық формада асылып қалған», – дейді марқұмның ағасы Нұрсұлтан Назаров.

Марқұмның әкесінің сөзінше, ұлың соңғы 4 ай көлемінде жалақы алмаған. Бұл басшыларының қитұрқы әрекеті, дейді әкесі. Ал Нариман Назаров қайтыс болғаннан кейін, 4 айлық жалақысы бір-ақ күнде аударылған.

«Он жетісіне қайтыс болса, он сегізіне түсіріп отыр. Сонда осында келген адам, «бір қағазы қалған екен, қолдағы нәрсе ғой, қазір өзіміз толтырамыз да, өткізе саламыз» деп кетті. Түсірді. Сонда адам өлу керек болды ма, сол ақшаны түсіру үшін», – дейді Нариманның әкесі Ахмет Назаров.

Ал Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

https://kaz.365info.kz/zhertoleni-panalap-otyrm-15-zhasta-akhsakhaldan-zhykti-bolgan-bojzhetken-oz-shyndygyn-ajtty-316073

«Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне қатысты қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр», – дейді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Алайда марқұмның туыстары оның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын түсіне алмай отыр. Егер қызметтік тексеріс қана жүргізілсе, марқұмның өліміне қатысы бар шенділер жазаға тартылмай, тек сөгіс алуы мүмкін деп қорқады.

Дереккөз: Stan.kz 

https://kaz.365info.kz/almatylykh-zhigit-bas-muftidin-salynyp-zhatkhan-yji-dep-zaulim-sarajdy-korsetti-video-316118

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз