Талай қыздың жүрегін жаулаған бойдақтардың тізімінде Димаш Құдайберген алғашқылардың бірі болып орын алады. Бірақ бұл тарапта қыздардың қарсыластары көп, себебі Димаш- әлем жұлдызы.
Болашақ келіндерінің қандай болғандығын қалайтыны жайлы Димаштың ата-анасы Хит тв арнасына берген сұқбатында айтып қалды:
“Қазақта керемет сөз бар: “Адал сүт емген” деген. Сондай текті бала болса деп ойлаймын. Біздің көңілімізге ұнайтын, көргенді, тәрбиелі адам болса деп армандаймыз, әрине”, – деді Света Айтбаева.
Ананың өзіндік сұраныстары бар, ал Димаштың әкесі ешқандай талап қойайтынын айтып, ұлының жүрегіне сенетінін айтты.
“Оны енді Димаштың көңілі, сезімі біледі”, – деді әкесі.
Не де болса, Димаш қазақтан басқа ұлттан келін түсірмейді деп үміттенеміз. Бірақ, кім біледі?
https://kaz.365info.kz/sekirip-ketti-dimashtyn-fanattary-ne-istegenin-bilesiz-be-video-296867