Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Тек шыныңды айтшы: Жоғалып кеткен қыздың анасы қызына үндеу жолдады

Ал Айдананың анасы Гаухар Сәкібелова «қызымды жоғалған күні дүкенге жұсмап жібергенмін. Қызым оралмаған соң Талғар аудандық ішкі істер басқармасына арыз жаздым» деп отыр. Гаухардың сөзінше Айдана жоғалғанға дейін өзі оқитын мектепте қысым көрген. Сөзіне дәлел ретінде Гаухар редакцияға қызымен болған әңгімені де жолдады.

— Қызым сені ешкім ренжітпейді мен тұрғанда. Тек қана шыныңды айт. Сені қорғайтын үкімет бар. Елбасымыз бар, қызым анаңа қайтып келуге тырыс. Сені қатты сағындық.

Ал Гаухардың заңды өкілі Камшат Шинтекова, құзырлы органдар қыздың мектепте көрген зорлық-зомбылығын жасыру үшін анасының өзін айыптауы мүмкін деген ойда.

“Гаухар өзі қоғамға видеожолдауында қызын ең соңғы рет мектепте таяқ жеген болатын деген уәж айтқан болатын. Сол қылмысты жауып қалу мақсатында әрі қарай аналық құқықығын пайдаланып, баланың құқығын қорғау мақсатында істейтін іс әрекетке тосқауыл деп есептеймін”, – дейді  «Кеш» құқық қорғау орталығының директоры Кәмшат Шинтекова.

Ал Талғар ауданының прокуратурасы біздің Айданамен жүздесуімізге рұқсат бергенімен, камераға түсіруге үзілді-кесілді тыйым салды. Айдана бізге ата-анасының қайыр тілеуге жіберетінін, сондықтан туған шаңырағына оралғысы келмейтінін айтты. Ал полиция Айдананың әкесінің үстінен кәмелеттік жасқа толмаған балаға азғындық әркет жасау бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған, анасы Гаухар Сәкібелова да енді аналық құқығынан айырылуы мүмкін. Бірақ, үш баланың анасы «қызымызды қорлаған жоқпыз деп, аналық құқығынан  айырмауды» сұрап, бұл мәселеге қоғамның араласуын сұрап отыр.

Дереккөз: Stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз