
Баспанасыз жануарларға қолдау көрсету мақсатында AbayTeam еріктілері арнайы бастама көтерді. Олар «Жақсылық жолындағы тазалық» атты акция өткізіп, қайта өңдеуге жарамды шикізатты жинау арқылы қаражат жинап, оған жануарларға азық сатып алуда.

Еріктілер корпусының белсенді мүшесі Ержан Рахметовтің айтуынша, бұл шара үш бірдей мәселені шешеді. Біріншіден, қайта өңдеуге арналған шикізатты өткізетін адамдар айналаны таза ұстайды. Екіншіден, қағазды қайта өңдеу арқылы жасыл желектерді сақтауға үлес қосады. Үшіншіден, әсіресе суық мезгілде баспанасыз жануарларға қолдау көрсетеді.

Бұл бастамаға мектеп оқушылары да белсене қатысуда. Олар жануарларға көмектесіп қана қоймай, экологиялық мәдениетке үйреніп, мейірімділікке тәрбиеленуде.
