Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Тау-кен өнеркәсібі 12 жыл ішінде болмаған құлдырауды бастан кешіп отыр

133

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс индексі (ӨӨИ) 99,3%-ды құрады. Бұл,

кәсіпорындар өндірген өнім көлемі 2019 жылға қарағанда аз болып шықты. Мұндай жағдай 2016 жылдан бастап алғаш рет қалыптасты

– ол кезде өндіріс деңгейі өткен жылғы деңгейден 98,9%-ды құраған болатын.

Төмендеудің басты себебі – коронавирус және онымен байланысты орын алған жағдайлар, олар шикізат тауарларына, өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің көп түрлеріне сұраныстың төмендеуі әсер етті.

6 ай ішінде (маусымнан қарашаға дейін) өндіріс көлемі өткен жылдың ұқсас айының деңгейінен төмен болды – соңғы рет неғұрлым ұзақ серия 2015 жылы (7 ай) болған. Желтоқсан айында үрдіс аяқталып – ӨӨИ 2019 жылдың желтоқсанына қарағанда 100,3% құрады.

Өнеркәсіп 5 аймақта құлдырады

  • Шымкентте ӨӨИ 98,9%-ды құрады. Төмендеу дизель отыны, мазут және бетон өндірісінің қысқаруына байланысты болды;
  • Түркістан облысында 96% — уран өндіру мен өндірістің төмендеуіне байланысты төмендеді;
  • Атырау (94,2%), Маңғыстау (93,9%) және Қызылорда(86,7%) облыстарында өнеркәсіп өндірісінің төмендеуі бірінші кезекте мұнай өндірудің қысқаруына байланысты.

Сонымен қатар, Қызылорда облысындағы өнеркәсіп жағдайы нашарлай түсуде: ӨӨИ 7 жылдан бері төмендеп келеді, соңғы үш жылда құлдырау қарқыны артып келеді.

2020 жылы өнеркәсіптің өсу қарқыны ең жоғары өңір Қостанай облысы болды (ӨӨИ 107,4%) – темір кені мен концентраттарын өндірудің, ұн өндірудің, металлургия мен автоөнеркәсіп өнімдерінің өсуі оң әсер етті.

Ақмола облысында мыс және құрамында алтыны бар концентраттар өндіру, цемент, алтын және ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі 6,6%-ға өсті. Бұл ретте өңірде өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері қатарынан 11 ай бойы өсіп келеді.

Солтүстік Қазақстан облысында өсім 12 жылдан бері жалғасып келеді.

Осы уақыт ішінде оған теңгенің құбылмалы бағамының өзгеруі, коронавирус пандемиясы да әсер еткен жоқ. 2020 жылы мұнда сүт, май, ұн, кондитерлік өнімдер мен есептеу машиналарының өндірісі артты. 2020 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі өнеркәсіптік өндіріс индексінің жалпы мәні 104,8% болды.

Тау-кен өнеркәсібі 3,7% жоғалтты

Өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері 11 жыл қатарынан өсіп келеді. 2020 жылы мұнда ӨӨИ 103,9% құрады — дегенмен, бұл соңғы 4 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндірісі 52,5%-ға, өзге де көлік құралдары – 38,5%- ға ұлғайды. Былғары өнімдерін өндіру саласындағы өнеркәсіп өндірісінің индексі — 231%, фармацевтикалық өнімдер мен препараттар – 147%, жеңіл өнеркәсіп көрсеткіштері жалпы 15%- ға ұлғайды.

Бірақ жағымсыз тұстар бар:

  • компьютерлер, оптикалық және электронды жабдықтар өндірісінің индексі 10,1%-ға төмендеді
  • жиһаз – 11%-ға
  • Кокс және мұнай өңдеу өнімдері – 1,8%-ға
  • химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру – 0,5%-ға
  • темекі өнімдері – 2,5%-ға төмендеді

Тау-кен өнеркәсібіне келетін болсақ, оның 2019 жылға қатысты көрсеткіштері қатарынан 7 ай бойы төмендеп келеді

2020 жылдың қорытындысы бойынша ӨӨИ 96,3%-ды құрады — бұл кем дегенде соңғы 12 жылдағы ең нашар нәтиже.

  • Ең көп төмендегені мұнай өндіру көрсеткіштері – 94,6%
  • Табиғи газдың өнеркәсіптік өндіріс индексі 97,8%-ды құрады
  • Көмір – 96,7%
  • Металл кендері – 99,9%
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз