Жер астында жүздеген тонна інжу-маржан, алтын-күміс, өзге де бағалы заттар әр заманда, әр түрлі кезеңде тығылған деген деректер жеткілікті. Алып-қашпа сөз көп. Соның бірі атаман Анненковтың Қытайға қашып өтіп бара жатып Тарбағатай тауына тығып кеткен алтындары жөніндегі әңгіме.
Оны сөз етпес бұрын Колчактың алтын вагондарын сөз ете кетейік. Өйткені оның да алтын тиген пойызы Қазақстанның Петропавлск қаласының маңында жоғалып кеткен деген дерек бар.
Патшалық Ресейге тиесілі ірі қазынаның жоғалуы сол заманның ірі қолбасшысы адмирал Колчактың атымен байланысты. Әрине, адмиралдың алтын тиелген эшелондары жайлы талай айтылды да, жазылды да. Дегенмен соңғы бір болжамдарға сүйенер болсақ, 50 тонна алтынның қайда жоғалғаны жөніндегі тағы бір деректің ұшы қылтыяды.
Әрине, Колчак оның біразын қару-жарақ сатып алуға жұмсағаны белгілі. Ал қалғаны…
Көптеген деректер алтын тиелген пойыз Байкал көлінің маңында ұшты-күйлі жоғалғанын келтіріп, алтынды сол маңнан іздеу керек дегенді айтады. Бірақ қаншама іздеу салынғанымен Колчак алтыны таптырмады. Ал соңғы болжам, алтындарды Колчак пойызбен емес, қауіпті Транссібір темір жолын айналып өтіп, Ертіс және Обь өзендері арқылы параходқа тиеп Томск қаласына жеткізбек болған. Тобыл қаласынан алтын тиеп шыққан кеме Томскге жетпеген. Сургут қаласының маңында батпаққа килігіп тоқтап қалған соң, сол жерде алтындар түсіріліп, жағалауға тығылған.
https://kaz.365info.kz/byl-ne-mazakh-bajtyrsynovty-atu-zhazasyna-kesken-khazakhtyn-kim-ekenin-bilesiz-be-322296
Тағы бір болжам 1919 жылы күзде Колчактың алтындары тиелген бірнеше вагон Петропавлск мен Омбы қаласының ортасында жоғалып кеткен. Алтындармен бірге Ресей патшалығына тиесілі көптеген құнды дүниелер де сол жолы қолды болған. Кешегі Кеңес Үкіметі де бүгінгі Ресей мемлекеті де әлі де Колчактың жоғалған алтындарын (50 тонна) іздеуге талай экспедициялар ұйымдастырды. Бірақ әзірге нәтиже жоқ.
Енді Анненковқа келетін болсақ,
оның бандылары Қытайға қашып бара жатып, Семей, Аякөз, Үржар және Мақаншыны басып өткені белгілі.
Көптеген деректер анненковшылар жұрттан тонаған алтын-күміс, қару-жарақ, басқада бағалы заттарды «қызыл армия күйреп жатса, кері оралғанда алармыз» деген оймен Тарбағатай тауына, сол маңдағы Көрпебай секілді жоталардың үңгір-қуыстарына тығып кетіпті дегенді келтіреді.
Бұл шындыққа ұқсайды. Кейіннен сол қазынаны іздеу үшін талай әрекеттер жасалды, бірақ олар да нәтиже берген емес.
Ақшарқат Ахметбек
Фото: bizkazakpiz.wordpress.com
https://kaz.365info.kz/zhazgany-shatpakh-eshhe-akhynmyn-zhazushymyn-dejdi-ol-kim-303474