Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Тасқын судан кейін үйінің іргетасы сөгілген ақтөбелік әкімдік жағалап жүр

«Өзім «Актюбстрой-2» бау-бақша ұжымында тұрамын. Үйім сапалы кірпіштен салынғанымен суға кеткен соң іргетасы сөгіліп кетті. Бағалаушылар келіп, «тұруға жарамсыз» деген қорытынды шығарып, шешімнің бір данасын өзіме, екіншісін қалалық жер қатынастары бөліміне берді. Су үйдің шатырына дейін жетті. Үйде 7 адам тұрамыз. Немерем туа бітті жүрек ауруына шалдыққан. Қазір пәтер жағалап жүрміз»,-  деді Ақтөле Өтешова.

А. Өтешова екі айдан бері 60 мың теңгеге пәтер жалдап тұрады. Балаларының жұмысы тұрақсыз. 2011 жылы салған үйі жарамсыз күйге түскен соң Өтешова арызын облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолына ұстатты.

«Жер қатынастары бөлімінің мамандары үйді барып қарайды. Алдын-ала ештеңе айта алмаймын. Бағалаушылар бізге құлағалы тұрған үйлердің тізімін беріп жатыр. Біз сол бойынша жұмыс істеп, жер берудеміз. Бәрін комиссия шешеді», – деді қалалық жер қатынастар бөлімінің басшысы Ұшқын Мыңбаев.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз