Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Тәртіп пен жаза. Оңтүстік Шығыс Азияда дұрыс әдетті қалай қалыптастырды?

244

Тәртіпке бағынушылықтың ең жарқын үлгілерінің бірі ретінде Сингапурды келтіруге болады, бұл ел вирусты тез арада жеңіп шақты. Бұл қала-мемлекеттің 6 млн халқы бар.

2 шілдедегі мәліметтер бойынша Сингапурде коронавирустан 26 адам ғана қайтыс болған

Салыстырып қарайтын болсақ, 2 млн адам тұратын бар Алматыда 2 шілдедегі ресми мәліметтер бойынша осы диагнозбен 26 адам қайтыс болған.

Пандемия кезңнде қатаң заң қабылданды

— Әділ, егер COVID-19 бойынша әлемдік статистиканы зерттеп қарасақ, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің үкіметтері басынан бастап жағдайды өз қолына алды. Сингапурда, Кореяда және Жапонияда қайтыс болғандардың санына қарап та осы туралы айтуға болады. Ал  дамыған Батыс пен Ислам елдері эпидемияның алдында абдырап қалды. Бұл жағдайда ұлттық менталитет туралы айту қаншалықты орынды деп ойлайсыз? Әлде бар мәселе мемлекеттердің билігі қабылдаған шараларға қатысты ма?

— Иә, індетке қарсы тұрудың ең табысты кейстерін Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азия елдері көрсетті: Оңтүстік және Солтүстік Корея, Жапония, Қытай, Вьетнам және басқалар.

Олардың басқару жүйелері әртүрлі екеніне назар аударған жөн. Мысалы, Вьетнамда билік компартияның қолында, ал Оңтүстік Кореяда классикалық демократия орнаған.

Яғни вируспен күрестегі жетістіктер басқару нысанына емес,  мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі мен халықтың ауызбірлігінде

Сондай-ақ респираторлық ауруларға қарсы тұрудағы тәжірибені,  қауіп-қатердің жоғарылығын және қандай шаралардың қажет екенін түсіне білудің артықшылығын жоққа шығара алмаймыз.

Конфуциандық және ұжымдық құндылықтардың әсері маңызды. Мысалы, осы елдердің барлығында респираторлық аурулар кезеңінде маска кию толыққанды норма.

Ауырған адам масканы өзін қорғау үшін емес, басқалардың денсаулығына қамқорлық таныту үшін киеді

Олар өздеріне ыңғайлы немесе ыңғайсыз болғанына қарамайды. Ал

ортақ игілік үшін бетперде киіп, басқалардың жағдайын ойламаған адамдар қатаң сынға алынады

Сонымен қатар, дағдарыс кезінде бұл үрдіске қосымша қатаң заңнамалық шаралар да әрекет етеді. Мысалы,

ауырғаныңды жасырып, басқаларға вирус жұқтыратын болсаң және ол өлім-жітімге әкеп соқса қылмыстық тәртіппен жаза қолданады

Мысалы, адам  CОVID немесе SARS вирустарын жұқтырып немесе басқа аурумен ауырып тұрғанына қарамастан, барбершопқа барып, вирусты тасымалдады. Нәтижесінде шаштараз өзінің туыстарын немесе басқа біреуге де індет жұқтырды, бір адам қаза болды. Бұл жағдайда мұқият эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп, тәртіп бұзушыға үлкен жаза қолданылуы мүмкін.

Осы елдер бұл үшін бес жылға дейін және одан да жоғары мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады

Батыс елдерінің тұрғындарының да тәртіпке бағыну деңгей жоғары және жазалаудан қорықпай-ақ ережелерді сақтайды.

Скандинавия елдерінде карантин қалай өткенін қарау жеткілікті.

Бірақ мәселе мынада

барлық адам талаптарды сақтағанда ғана карантин тиімді болады

Сондықтан пандемия кезінде  халықтың 20%-ы ғана жалпы қауіпсіздік  ережелерін бұзса, барлығы құрдымға кетеді.

АҚШ-ты мысалға келтіруге болады. Онда көптеген адам шынымен де оқшауланды, бірақ олардың басқа бір бөлігі көшелерге шығып, алдымен «локдаунға», ал кейінірек тағы бір топ — нәсілшілдікке қарсы шықты.

Нәтижесінде вирус тек өршіп келеді.

Оңтүстік Шығыс және Шығыс Азия елдері үнемі эпидемияға тап болатынын ескере отырып, азаматтар өздерінің өмірін сақтап қалу үшін барлық ережені сақтауға тырысады.

Дегенмен, бұл біреу жақсы, ал біреу нашар дегенді білдірмейді. Қандай да бір елдерде бұл тәжірибе бар, сондықтан қажетті нәрсеге назар аудара біледі. Қабылданған шаралардың тиімділігі де жағдайға қарай әртүрлі болуы мүмкін.

— Шынымен де, жапондықтар, қытайлықтар мен кәрістер үшін маска кию режимі жаңа нәрсе болған жоқ. Қалай ойлайсыз, біздің адамдарды пандемия кезінде немесе одан кейін де маска киіп жүруге күштеп үйрету керек пе?

— Біздің жағдайда адамдар мүлдем маска киіп үйренбеген. Сондықтан түрлі сылтаулар айтады.

Пандемияны жеке-жеке жеңу мүмкін емес, тек барлығымыз күш алып, жауапкершілік таныту арқылы ғана нәтижеге қол жеткізуге болады

Өкінішке орай, біздің қоғамда ортақ күш біріктірудің қаншалықты мүмкін екендігі белгісіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз