Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Тәртібім жақсы болды…”. Адам жеп түрмеге отырған ақтөбелік босап шықты

112

Ол 18 жыл бұрынғы оқиғаны айтып берді.

«Таңертең тұрғанымда жуынатын бөлмеде аяқ-қолы, басы жоқ адамның тек денесі жатты. Қалай болғанын білмеймін. «Жігіттер, мыналарың не?», — деп сұрадым. «Братан, бәрін тазартатын боламыз», — деді. Басын қоқысқа лақтырып тастаған. Кешкілік үйге полициялар келді. Дененің қалдықтарын шығаруымызды сұрады. Балалар бөлмесіндегі керуеттің астында ала сөмкеге салынған денені алып шықтым. Сол кездегі менің жіберген қателігім сол болды, шығармау керек еді. Шығарған кезімде тырнақтың іздері қалып қойған. Айналып келгенде мен кінәлі болып шықтым», — дейді ол.

https://kaz.365info.kz/bastan-tort-zhasagan-resejdegi-kisizhegishter-otbasyna-khatysty-symdykh-derek-shykhty-281933

Жазасын өтеп шыққан Тимур Ғабдуллин өзін әлі күнге кінәсізбін деп жүр.

«Олар түнде бірге ішкен қастарындағы жігітті малша сойған. Негізі төрт адам болдық, мен ерте жатып қалдым.

Олар оны пісірген, жеген. Оның денесінен басқа ештеңе қалған жоқ. Полициялар басын қоқыс арасынан тапқан.

Сотта олар «сойып жейік» деген ұсынысты айтқан мен деп шығарды. Басында бәрімізді қамады. Кейін бір жігіт куәгер болып шығып кетті. Бірақ, ол өлген деп естідім. Кім өлтіргенін, қалай өлгенін білмеймін. Біреуін Ақтастағы түрмеде өлтіріп тастады. Мені 2015 жылы түрмеден шығарды. Тағы біреуі түрмеде отыр. Өзім 18 жылда бес зонада отырдым. Соңғы бес ай қалғанда Ембі қаласында өткіздім»,- дейді Тимур Ғабдуллин.

Ол түрмеден шықаннан кейін де ішімдікке салынып кеткен.

«Мен қазір тағы ішіп кеттім. Басқа не істеймін, өмірім сынып қалған. Түрмеден шыққанда апашкама бардым. Ол «бәрі қайтыс болды» деп айтты. Олар да мені адам жеген деп ойлайды. Қазір «дай-дай» болып жасаймын. Көшеде жүріп қайыр сұраймын, ішемін. Көбіне ескі қалада жүремін. Арасында арақ ішкенде тыңдамай кететін кездерім болады. Мен адам түгілі итті де жемеймін. Мойындаймын, арақты қатты ішемін»,-дейді Тимур Ғабдуллин.

https://kaz.365info.kz/tartibi-zhakhsy-darigerler-kisi-zhegish-zhymagalievti-bosatuga-kharsy-emes-262856

Жантүршігерлік қылмыс жасаған “адамжегіш” қазір Ақтөбедегі қаңғыбастардың арасында жүр. Аяғын сілтіп басатын оның ортаңғы саусағы жоқ. Түнде баспанасы жоқ адамдарды бейімдеу орталығына барып түнеп жүр.

«Бізге 20-30 жылын түрмеде өткізіп, барлық жақындарынан айырылғандар түседі.

Кейбіреулері осы жерге түрменің заңын енгізгісі келеді. Бұл адам да бізде жатты. Ішімдік ішіп, ереже бұзғаннан кейін шығарып жібердік. Ішімдікке салынған, үнемі ішіп жүреді. 18 жыл бұрын 20 жыл алып сотталған екен. Ол адам туысқандарына да керек емес», — дейді Ақтөбе қаласындағы белгілі тұрағы жоқ және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры Сабырғали Дәулетов.

https://kaz.365info.kz/politsej-ajeldi-yryp-sokhkhan-er-adamga-khatysty-symdykh-istin-beti-ashyldy-260456

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз