Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Тараздық әйел өзін ұрлады деп хабар беріп, күйеуінен 3 миллион теңге талап еткен

“Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің “Бас бостандығынан заңсыз айыру” және “Қорқытып алу” баптары бойынша біріңғай реестрге тіркелді. Шара барысында полицейлер жедел тобы Тараз қаласының бір қонақ үйінен тапқан. Ары қарай кентаулық полицейлер әйел адамның ұрлықты өзі жасағанын анықтады”, – деді басқарма өкілдері.

Осыған орай, іс “Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту” бабына ауыстырылды.  “Әйел адамның бұл қадамға қарыздарынан құтылу үшін барғаны анықталды. Ол қаржы пирамидасын құрып, өз таныстарынан ақша алып жаратып тастаған. Бірнеше уақыт өткеннен кейін таныстары ақшасын қайтаруды талап еткен. Ақшаны қайтару үшін ол өзін ұрлап, күйеуінен ақша бопсалауды ойластырған”, – деді ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының өкілдері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз