Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Тараздағы ауруханада дәрігер емделуге келген науқасты ұрып тастаған

Жиі-жиі есінен танып құлай берген Ақтолқын Құлынбаева түскі бірлер шамасында ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген. Бірақ мұндағылар оны облыстық ауруханаға жіберсе, ондағылар қайтадан осында кері қайтарған. Екі ортада сабылып жүрген науқастың хәлі мүлдем нашарлап кетіпті.

Сырқат аурухана дәлізінде бірнеше сағат бойы жатқан.

Өйткені анемиямен ауыратын Ақтолқынды қай бөлім дәрігері қарарын білмей бас қатырған. Ақ халаттылар оны бір-біріне сілтеп өзара дауласып та қалады. Сөйтіп, сөз таластырғандар науқастың жайын ұмыт қалдырған.

Дәрігерлердің бір шешімге келе алмауы науқас пен оның туыстарының ашуын туғызған. Ақыры олар емдеу мекемесін басына көтеріп айғаға басыпты. Ал шу шығарғандарды невропотолог қуып шықпақ болып, сырқаттың өзіне де, туыстарына да жұдырық жұмсаған.

Дертіне шипа іздеп келіп таяқ жеген науқастың да жүйкесі сыр берген. Ол да қарап тұрмай, ауруын ұмытып дәрігермен ашық айқасты.

Ал дәрігер кінәлі емеспін дейді. Айтуынша, науқас пен оның жақындарының шу шығаруына шыдамсыздық себеп. Оның үстіне анемиямен ауыратындарға ем көрсету невропатологтың құзыретіне жатпайтынын айғайға басқандарға түсіндіре алмапты.

Мәселені жігітше шешпек болған дәрігер 29 жастағы келіншектің күйеу баласымен де жанжалдасқан. Ал, осы жанжалдан соң медицина маманынан жәбір көрдік дегендер оның үстінен полицияға шағым түсірді. Онысымен қоймай денсаулық сақтау басқарамасынан дәрігерді жұмыстан кетіруді талап етуде.

«Мен ақ халаттыдан көмек сұрап келдім. Әкпемді не болмаса мені ұрсын деп келген жоқпыз. Енді келіп сіздерді шақырғаннан кейін ғана сағат 22.00- де  енді ғана бір укол салды», – дейді А.Құлынбаеваның сіңлісі Шолпан Құлынбаева.

Ал емдеу мекемесінің бас дәрігері қол астындағы қызметкерді ақтап отыр. Айтуынша, жағдайды ушықтырған науқас. Оның ауруын үйде жатып-ақ емдеуге болатын еді дейді. Әрі сол кезде қажетті ем-дом көрсетіліпті. Бірақ сырқат ауруханаға жатқызуды талап етіп қасарысқан. Сөйтіп, невропатологтың жүйкесіне тиген. Бірақ ол жұдырық жұмсамаған деп отыр. Қос тараптың жанжалы бақылау камерасына түсіп қалған. Бірақ ондағылар көріністі көрсеткісі келмеді.

«Дәл осы жағдайда науқас бұзақылыққа жол берген. Жұмыс процесі кезінде дәрігерге қол жұмсап отыр. Бұл уақытта мұнда басқа да ауру адамдар жеткізіліп жатқан. Соларға кедергі де келтірді», – Тараз қалалық №1 ауруханасы бас дәрігердің орынбасары Алуа Қырылдақова.

Жәбір көрдім деген невропатолог та сырқат пен оның туыстарының үстінен тәртіп сақшыларына арыз жазған. Енді кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін тергеушілер анықтайтын болады. Ал Ақтолқынның жайы әлі оңала қойған жоқ. Үйіне қайтарылған ол әлі де жиі-жиі есінен тануда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз