Желіде Таразда 20 адам үш жасөспірімді соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. Жамбыл облысының Полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
«Әлеуметтік желіде тараған «20 адам 3 жасөспірімді ұрды» деген ақпарат шындыққа жанаспайды», – деді полиция қызметкерлері.
Бір топ адам жасаған бұзақылыққа қатысты қылмыстық істі тергеп жатқаны хабарланды. 14 пен 16 жас аралығындағы 3 күдікті анықталды.
«Зардап шеккендердің тізімінде екі адам бар – 13 жастағы жасөспірім мен 21 жастағы жігіт. Олардың жағдайы тұрақты», – делінген хабарламада.