Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Тапшылық туғызып, бағаны негізсіз көтерген бензин құюшы 47 бекетке айыппұл салынды

Комитеттегілер айыппұл көлемі монополия жасап, тапқан табысты ескере отырып, айқындалғанын ескертті. Айыппұл салынған жанар-жағармай құюшы бекеттер 2016 жыл мен 2017 жылдың қаңтар мен наурыз айларында заңды белден басқан.

“Тапшылық пен бағаның өсіміне байланысты Монополияға қарсы комитет жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тексеріп жатыр. 292 көтерме, 361 бөлшек саудамен айналысатын субъекітелрден, үш мұнай өндіруші зауыттардан қазір есеп алынып жатыр. Сол есептерді жинай келе, комитет оны өзінше бір сүзгіден өткізіп, заңсыздықтардың бар-жоғын анықтайтын болады. Тапшылық қолдан жасалып, бағаны заңсыз көтерген болса, онда біз аянып қалмаймыз, жазасын береміз”, – деді Табиғи монополияларды реттеу комитетіндегілер.

Еске сала кетелік, ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев еліміздегі жанар-жағармайға байланысты қалыптасқан ахуал әлі қарашаға дейін сақталатынын айтқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз