Астанада қыз-келіншектерге ерлерді елітіп, тәтті қылық шығару шеберлігін шыңдау үшін ашылған мектептер қатары көбейіп келеді.
Мұнда тіпті жасы алпысты алқымдаған әйелдер де сезімнің сиқырын үйренуге келеді екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Ер азаматтың көңілін аулау, өзінің сексуалдық потенцалыңды ашу! Қыз-келіншектерді дәл осындай жарнамамен тартатын мектептер елордада жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай көбейіп келеді. Мәселен, Астананың өзінде ер азаматты айналдыру, тәтті қылықтарымен еліктіру секілді шеберлік сағаттарына сұраныс жыл санап артуда. Оны орталықтың мамандары да растап отыр. Айтуынша, оған тек 30-дан асқан нәзік жандар ғана емес, немере бағып отырған ақ жаулықты әжелер де қызығушылық танытуда.
«Бізге көбіне 30-дан асқан қыз-келіншектер келеді. Тіпті 50-57 жастағы жандар бар.
Мәселен, біздің Гейша орталығына 62-гі әйел келіп жүрді. Ол өзінің өмірін өзгерткісі келді. Мұндай жандарды көргенде қуанамын. Биыл жас қыздар да қатысуда. Олар отбасын құрмай жатып, еркектерді айналдырудың барлық жолдарын үйренеді.
Осылайша,қыздар қателіктерге бой бермей, өзінің бақытты ғұмыр кешуіне үлесін қосады» – дейді Гейша мектебінің жетекшісі Айжан Әліқұлова.
https://kaz.365info.kz/byl-khatynga-khajdan-gana-zholykhtym-bir-zhigittin-koz-zhasy-300918
Гаяна дәл осындай шеберлік сағаттарының біреуін де жібермеуге тырысады. Себебі, дәл осы тренингтер оның өмірін 180 градусқа өзгертіпті. Айтуынша,
ер азаматтарды өзіне еліктіруді үйренудің ешқандай да ұяты жоқ. Керісінше, өз-өзіңе сенімді болып, екі жас арасындағы махаббат пен сезім берік әрі мәңгі болады.
Ал, Айжан Әлімқұлованың пайымынша, қазақ қыздары еркекпен тілдесіп, ішкі жан дүниесін баурап алудың жолдарын жетік білмейді. Сол себепті, тұрмысқа шыққан соң түрлі қиындықтарға тап болады. Ал орталық мамандары ер кісілердің көңілін баурауды ғана емес, оны “сындырудың” түрлі айла-тәсілдерін меңгертеді.
«Қазір мектептер көп. Ал біздің Гейша орталығының негізгі мақсаты, жігіттерді айналдырудың түрлі әдістерін үйрету. Алайда, оның өзін дұрыс қолдану қажет. Әйтпесе, ер азамат ол қылықтарыңызды түсінбей, Сіден қашып кетуі мүмкін», – дейді Гейша мектебінің жетекшісі Айжан Әлімқұлова.
https://kaz.365info.kz/khyz-emespin-dep-taltajyp-otyr-bir-zejnetker-telearna-basshylaryna-kejidi-300588
Ал, Роза Шаймарданқызы жолдасымен отасқанына 50 жылдан асқан. Бақытты әже, өмірлік жарын ешқандай айла-тәсілдерсіз-ақ баурап алғанын айтады. Ақыл, парасаттылық пен нәзіктік – қазақ қызының басты қаруы. Сондықтан, мұндай тәлім тәрбиесі бар қаракөздерге шетелге еліктеудің де түк қажеті жоқ. Ал, орталықтардың көздегені тек ақша. Олар өз өзін жоғалтып алған әйелдердің қалтасын қағып қана қоймай санасын улауда. Ал, оның соңы жақсылыққа алып келмейді дейді.
«Ол да шетелден келген, Европадан келген. Ақша табудың көзі болғанда, тіпті көзі. Ол жерде қандай тәрбие? Аш- жалаңаш!Қалай болса солай, өз бетімен ұстайды өзін. Еркекті айлакерлік жасап, алдап, арбап. Ол дұрыс дүние емес!!!» – дейді қала тұрғыны Роза Шаймарданқызы.
Дегенмен, психолог мамандардың бұған деген пікірі бөлек. Себебі, орталықтар қыз-келіншектердің өмірін өзгертіп қана қоймай, өзіне сенімді болып, сүйікті жарымен баянды ғұмыр кешуіне септігін тигізеді дейді.