Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Тәнін сатқан қызды» айыптап, сатқызғанға неге жақ ашпаймыз?

Неге үнемі салдарын айыптап, себебіне тиіспейміз?! Иә, жезөкше азғын, алайда сутенер БАС АЗҒЫН ғой. Соны неге айтпаймыз?! Фб-да сол жайлы бірде-бір жазба көрмеппін. Иә, тәнін сату азғындық, ал сатқызу одан бетер дүние. Жеңіл жүрісті қыздардың кейбірі өз еркімен осы жолға түссе, енді бірін күштеп, алдап түсіргендер барын ашық неге айтпаймыз, неге мойындамаймыз?!

Қалаға арман қуып келіп, әзәзілдің арбауына түсіп, тағдырына балта шабылып, мақсаты суға сіңіп жоқ болып, өмірі ойран болған қанша қыз бар? Өте көп! Қанша қызды күштеп, зорлықпен, қорлықпен осы жолға салған сайтанның сыңары сутенерлер бар? Өте көп! Өкінішке орай біз «жеңіл жүрісті қыздарды құрту керектен» ары асып, күңкілдей бермейміз.

Тәнін сатқан қызды айыптау керек, ал сатқызған сутенерді қатаң жазалауға тиіс. Кей елдерде тіпті оларды өлім жазасына кескен сәттер болған. Бәлкім әлі де бар шығар…

Жеңіл жүреске салған әлеуметтік жағдайдың нашарлығы, отбасындағы тәрбие, психологиялық әлсіздік және т.б ол екінші мәселе. Ол шешімі қиын, күрделі шырмау. Бірақ жеңгетайларды кемі 15 жылға соттау керек деп санаймын. Бірінші адам тағдырын бұзғаны үшін, екінші қоғамды азғындатқаны үшін!

 

Асхат Қасенғали 

Фейсбук парақшасынан 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз