Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Тамыры шығып кетті». Қайрат Нұртасқа жаны ашыған желі қолданушысы не дейді?

Әншілер қаптап жүр. Жанды дауыспен ән айт десең, бірі терлеп-тепшіп төмен нотадағы әндерді әрең алып шықса, бірі еркін Витастан да жоғары әндерді шырқап бере алатын деңгейде.

Әнді ішпен немесе тамақпен шырқауға болатынына хабардар шығарсыз. Шоу бизнестегі әншілерді бақыладым да, мынаны байқадым: Мәселен, Димаш Құдайберген. Бет әлпетіне ешқандай әжім түсірмей жоғарғы нотадағы әндерді еркін айтады. Оған біз ғана емес, мына сіздер де куәсіздер. Бұл әнді ішпен шырқаудың салдары.

https://kaz.365info.kz/yrlangan-notalar-khajrat-nyrtastyn-zhana-ani-synga-yshyrady-foto-277501

Бұл қатарға Роза мен Мақпал апайларымызды тағысын тағы халық қалаулыларын жатқызар едік. Бәрі де шынайы, бәрі де еркін.

Келесі сатыға тамақпен шырқайтындар. Жанкүйерлері жыл сайын көбеймесе, азаймайтын Қайрат Нұртас. Жанды дауыспен ән айтса түрі қиналып, тамағындағы тамырлары шығып, өңі қызарып кететін байқадыңыз ба? Сондайда жанымыз ашып кетеді оған. Қиналғанын көріп сенде қоса қиналасың.


Бұл тек төмен нотадағы әндерді шырқағанның салдары емес пе? Әлде дауыс жоқтықтың белгісі ме? Тірі дауыспен айтқанда тамағында білеуленген тамырлары анық көрінеді.

Бірақ,

техниканың «құдіреті» әнді тыңдарманға жеткізгенше әлгі қиналыстың бәрін жоқ қылып жібереді. Сіз барынша өңделген, таза ән тыңдайсыз…

https://youtu.be/zPM0a-kbDyI


Бұл сатыға Медеу Арынбаев ағамызды , хит әнін тірі дауыста халыққа қайта айтып бере алмай тұрған Төреғали Төреәліні жатқызар едік. Айта
берсек, мұндайлардың саны таусылмайды. Көп.

Сонымен, жарты айлығын жұмсап көңіл көтеремін деп “тамақпен орындайтындардың” концертіне барғандардың ақшасы желге ұшқанмен бірдей. Жасандылық. Бір әнді шырқауға осыншама күш жұмсаған мұндай әншілер, күніне 2 рет 10 өлеңнен концерт беруге күштері шыдар ма екен? Фонограммамен айтсын! Мұндайлардың дауыстарын қадірлеу керек…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз