Мен өзім солтүстіктенмін, күйеуім оңтүстіктің жылпосы. Екеуіміздің өмірге деген, қоршаған ортаға деген көзқарасымыз әр түрлі. Мен айналада, қоғамда болып жатқан жағдайға заңдылық деп қараймын, ал күйеуім кез-келген нәрсеге күйіп-пісіп, «шешең, шешең» деп боқтап отырғаны.
Әсіресе үйде дастархан жаю, тамақ пісіру жағына келгенде қырылып қаламыз.
«Тамағың дәмсіз, шала-пала бірдеңе пісіре саласың. Өміріңде түк көрмеген арғынның залымысың, тікбақайысың. Тамақ жасау тұрмақ, қонаққа қалай дастархан жайып қарсы алуды білмейсің» деп ұрып, к*тімнен теуіп-теуіп жібереді.
«Сен араласпашы. Ер адамның жұмысы түзде. Қанша жыл біргеміз, қаншама танысың, туысың келіп кетіп жатыр. Солардың ешқайысы мен пісірген тамақтан аттап кетіп, сөз айтып жатқан жоқ қой. Қолымнан келгенін жасап жатырмын. Не дейсің маған», деймін ғой.
«Мен еркек, сен әйел болып жаралуың керек еді» десем, «әй шешеңді, не деп тұрсың» деп көзі қызарып жұдырығын ала жүгіретіні бар.
Айналаға қарасам, елдің байлары әйелдері не даярлап береді, соны ішіп-жеп тып-тыныш жүріп жатқанын көремін.
Ал менің байым ас үйден шықпайды. Бір нәрсені қуырып, бір нәрсені қайнатып жатқаны.
https://kaz.365info.kz/sasymaj-ary-zhatshy-korshim-galym-bakhytsyz-erkek-284491
Жақында әлеуметтік желіден еркектердің ас үйге араласқанын қаламайтыны жөнінде Амангелді Сейітхан деген журналист ағаның жазғанын тауып алып, күйеуіме қағазға шығарып алып көрсеткен едім, «ей, мұның кім, қайдан білесің?» деп мені біраз қысып тергеп алды.
Сосын «ой, мен оны сырттай танимын ғой. Спорт журналисі. Ол деген дұрыстап нан турай алмайтын шығыстың, найманның алаяғы шығар да… Ол маған үлгі емес. Қолына қалам ұстағандар оттап жаза береді. Ірі болғысы келеді. Үйіне барайықшы, бір күні. Әйелінің алдына түсіп алып, зыр жүгіріп жүрген біреу болып шығады, көр де тұр. Біздің оңтүстікте дастархан дұрыс жайылуы керек, тамақ дәмді пісуі керек. Біз соған қараймыз. Сонда ғана көңіл-күй, отбасындағы тірлік дұрыс болады», деп күйеуім қолын бір сілтеді.
https://kaz.365info.kz/khazakh-olejin-dep-tyr-tyrsyn-zhyrtbaj-297489
Ал мен ер адамның қазан-ошаққа араласып, қатынпатша болып жүргенін қаламаймын. Айтпақшы, сол Аман ағаның жазғанын сіздермен бөлісе кетейін.
«Қазақтың қай еркегі қазан-ошаққа араласып еді? «Құнанбай Ұлжанға ет турасты», немесе «Абай Әйгерімге тұшпара түйісті» деп келетін сөйлем кісіні күлкіге шақырар еді, ия?
Асылдарға барыспайық, асылы қазақ еркегі қазан-ошақтың басына баруды аса ойламаған. Қазан-ошақ болғанда, ас әзірлеу, ас үйдегі әйелге көмектесу жағына салғырт еді.
Қазір қит етсе тамақ пісіріп жатқан суретін салатын еркектер пайда болды. Ас мәзірін ұсынатындар бар. Әлгі ас үйдің маңындағы бағдарламалар ше, сол тұстан сәлем жолдайды.
Кезінде бізге де ұсынған. Бірнеше рет. Сыпайы ескерттік: «Ас үй біздің түсінікте тек тамақтанатын орын, өзгені әйелге сеніп тапсырғанбыз». Қоя салса ғой.. «Түк етпейді. Дайын рецепт. Жүргізуші көмектеседі. Тек сіз сол турасып, қуырысып…». «Ренжіме, айналайын, тіпті нан турап көрмеген шығармыз, әуре болмайын».
Кейде байқап қаласың, арналарды аттап келе жатқанда… Анау да аспаз, мынау да шебер… Мықты бір ағам айтады. «Әй, жігіттерді ас үйден қуатын кез келді. Біз ғой айта алмаймыз, сендер анау желілерде жазасыңдар ғой. Айтыңдаршы, батырып. Әлгі жұлдыз деп жүргендерің жігіттікті насихаттасын. Асық ойнасын, ептілік. Мылтық атсын, дәлдік. Тіпті турникке тартылсын, шымырлық.
Пышақ ұстап, салат тураған қай салтың? Кейде спортшың да жүреді. Айтшы, аулақ жүрсін, ас үйден… Онсыз да ұсақталып барамыз… Айтайын, аянып қалам ба…».
Аман аға осылай депті. Осыны күйеуіме айттым. «Пішту» дейді.
Сіз не дейсіз, әлеуметтік желідегі дос? Ер адамның қазан-ошаққа араласқаны дұрыс па?
Гауһар Жолдасбекқызы
https://kaz.365info.kz/eu-khazakh-khajda-barasyn-295480