Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Талғат Мұсабаев Авиация комитетіне тағы шүйлікті

Қазір еліміздегі әуе компаниялар мен ұшқыштарға сертификат беретін де, олардың жұмысын тексеретін де Азаматтық авиация комитеті. Мұсабаев  Үкіметтен осы қос қызметті Инвестициялар және даму министрлігінен  ажыратып, бөлек ұйым құруды талап етті. Ал жаңа мекеме ешбір министрлікке бағынышты болмауы тиіс. Және азаматтық ғана емес, ведомствалық, мемлекеттік авиацияны да уысында ұстайды. Сонда  қауіпсіздік те күшейеді дейді депутат. Ал соңғы кезде әуе апаттарының жиілеп кетуіне дәл осындай жеке және тәуелсіз қадағалаудың болмауы себеп екен. Сондай-ақ, сенаторлар жанармай тапшылығына  қатысты Мәжілістегі әріптестерінің ұсынысын қолдап, бүгін премьерге тағы сауал жолдады.  Жоғары палата депутаттары да Елбасы тапсырғандай төртінші мұнай өңдеу зауытының салынбауына не себеп екенін сұрап отыр.

“Жанар май тапшылығын жоюға байланысты мемлекеттік деңгейде жүйелі негіздегі шешімдер неге қарастырылмайды? Елбасының жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жөніндегі тапсырмасының осы уақытқа дейін орындалмау себебі неде? Ел тұрғындарын жанар май өнімдерімен толық қамтамасыз ету үшін Үкімет тарапынан қолға алынған шаралар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берсеңіз”, – дейді Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз